2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру
жөнiндегi шаралар, дене тəрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-
бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар жəне түрлi топтардың дене бiтiмiн
дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары,
сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық жəне құқықтық
жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.
Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
спорт бағытындағы дене шынықтырумен жəне спортпен, оның iшiнде кəсiби қызмет
ретiнде де айналысуға;
дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;
мемлекеттiк, коммуналдық жəне жеке спорттық ғимараттарды жəне қызметтердi тегiн
не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары:
салауатты өмiр салтын насихаттауға;
жергiлiктi, республикалық жəне халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт
ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;
гигиена негiздерiн зерделеуге жəне сақтауға мiндеттi.
1.
Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар
отбасындағы кəмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға жəне
денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу
үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: