Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

 
Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен 
спортты дамытуға қатысуы 
 
Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде: 
дене шынықтыруды аурулардың алдын алу жəне оны емдеу құралы ретiнде 
пайдаланады; 


дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын адамдарға дəрiгерлiк бақылау мен 
икемдi қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт 
жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;
дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге 
асырады;
спорт медицинасы мен емдiк дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге 
асырады жəне олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
қолданылып жүрген ережелерге сəйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу 
орындарында дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене 
қатысады;
халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған 
мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.
 
Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт 
шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтау, азаматтардың денсаулығын 
қорғау 
1. Дене шынықтыру жəне спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын 
өткiзу кезiнде дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган əзiрлеп, бекiтетiн 
қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары ұйымдарының əкiмшiлiгi 
сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының ережелерiне 
жəне санитариялық-гигиеналық нормаларға сəйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды 
қамтамасыз етедi жəне азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан 
Республикасының заңдарына сəйкес жауап бередi.
3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт 
шараларын өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық-гигиеналық 
нормаларға сай болуға тиiс.
4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен жəне спортпен 
айналысатын 
азаматтардың 
денсаулығына 
келтiрiлген 
зиян 
үшiн 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен жауап бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет