Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк мекемелер



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

 
Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк мекемелер 
 
1. Жоғары дəрежедегi спортшылар əзiрлеудi дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi 
уəкiлеттi орган бекiткен спорт түрлерi бойынша бағдарламаларға сəйкес мемлекеттiк, 
қоғамдық жəне мамандандырылған жеке спорт мекемелерi, сондай-ақ азаматтар жүзеге 
асырады.
2. Қазақстан Республикасының спортшыларын əзiрлеу келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге 
асырылуы мүмкiн. Спорт қызметi туралы келiсiм-шарт Қазақстан Республикасының еңбек 
заңдары негiзiнде жасалады.
Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның 
əлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келiсiм-шартты жасасу мен бұзу 
талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының
 
Кəсiпқойлық спортпен айналысу құқығы 
 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан 
Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кəсiпқойлық спорт қызметiмен 
айналысуға құқығы бар.


2. Кəсiпқой бiрлестiктер құру тəртiбi жəне олардың жұмыс iстеу жағдайлары, 
кəсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келiсiм-шарттар жасасу тəртiбi Қазақстан 
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың жəне басқа мамандардың 
спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты жəне олардың табыс көзi болып 
табылатын кəсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
 
Спорт қызметiн ғылыми-əдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету 
 
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру 
шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып 
дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, 
халықтың əртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға жəне жоғары спорт 
нəтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-əдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар 
жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология жəне 
психология саласындағы жетекшi ғалымдарды Қазақстан Республикасының ұлттық 
құрама командаларын ғылыми-əдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет