Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық бiрлестiктер



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық бiрлестiктер 
 
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық 
бiрлестiктер осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы 
заңдарына сəйкес құрылып, жұмыс iстейдi. 
2. Спорттың əрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк 
аккредиттелуi мүмкiн, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру жəне 
спорт саласындағы халықаралық бiрлестiктерге қатысушы болуы мүмкiн. 
Аккредиттеудiң тəртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi 
айқындайды. 
3. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық бiрлестiктер спорт 
жарыстарын жəне басқа да спорт шараларын, оның iшiнде халықаралық шараларды 
ұйымдастыруды жəне өткiзудi дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi органмен 
келiсе отырып жүзеге асырады.
 
Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi 
лицензиялау 
 
1. Жеке жəне заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн 
көрсету жөнiндегi қызметi, бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, 
лицензиялауға жатады. 
2. Лицензиялау тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Мемлекеттiк бақылау 
1. Мемлекеттiк бақылауды дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган 
спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi 
стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталу нысанасына тексеру жүргiзу арқылы 
жүзеге асырады. 
2. Мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге анонимдi өтiнiштердi қоспағанда, жеке жəне 
заңды тұлғалардың өтiнiштерi немесе ресми хабарламалардың басқа да нысандары
сондай-ақ заң бұзушылықты жоюға жəне дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi 
органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған iс-
шараларды жүргiзу негiз болып табылады. 
3. Шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп 
жүргiзiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет