Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата10.10.2023
өлшемі316,42 Kb.
#184456
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Дене шынықтыру құқық негіздері

Спорт резервiн əзiрлеу 
 
Спорт резервiн əзiрлеу мақсатында балалар мен жастардың мамандандырылған спорт 
оқу орындары жүйесi құрылады. Ол балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, 
олимпиадалық резерв спорт мектептерiн, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-
интернаттарды, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiн, олимпиадалық резерв əзiрлеу 
орталықтарын жəне олимпиадалық əзiрлiк орталықтарын қамтиды.
Балалар спорт мектептерi арнайы бағдарламалар негiзiнде қосымша бiлiм берудi 
жүзеге асыратын мектептен тыс ұйымдар болып табылады жəне заңдарға сəйкес олардың 
қызметiн ұйымдастыратын кəсiподақ ұйымдары, ерiктi спорт қоғамдары, федерациялары, 
спорт клубтары, жеке адамдар құрады.
Спортта тыйым салынған тəсiлдер, əдiстер мен құралдар 
 
1. Спорттық нəтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт 
төрешiлерiне: 
Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық жəне 
ұлттық федерациялар тыйым салған тəсiлдердi, əдiстердi, медициналық жəне биологиялық 
препараттарды пайдалануға; 
қандай түрдегi болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш 
қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
 
Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру жəне спорт мəселелерi 
жөнiндегi құзыретi 
 
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган: 
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын əзiрлейдi жəне 
iске асырады; 
2) спорттың əр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, 
астаналық) жарыстар өткiзедi; 
3) спорттың əр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, 
астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық жəне 
халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет