3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы
саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн
моральдық жəне материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты
дамытуды ынталандырып отырады.
Спорт ғимараттары
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы əлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының барлық
түрлерiнен құралады.
Бiрегей спорт объектiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша
жекешелендiрiледi.
2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар
аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру жəне келешектегi
резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы анықтауы мүмкiн.
Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сəйкес белгiленедi.
3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген
спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, əкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен
оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: