Спортшылардың əлеуметтiк қорғалуы 1. Дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт
бiрлестiктерi, жергiлiктi атқарушы органдар əралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан
Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек
сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi",
"КСРО-ның халықаралық дəрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының
халықаралық дəрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға - олимпиада
чемпиондарына,
əлем
чемпиондарына,
олардың
"Қазақстанның
еңбек
сiңiрген
жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар
жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де
көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
Еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттiк əлеуметтiк қолдау 1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық
қамсыздандыру (бұдан əрi - материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiрлiк əлеуметтiк
қолдау жасайды, ол осы бапқа сəйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен
жаттықтырушыларға берiлетiн ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама
командаларының жəне (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған жəне
кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық
қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тəртiппен төленедi жəне
мынадай мөлшерде тағайындалады:
Спортшыларды сақтандыру Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезiнде спортшыларды жазатайым оқиғалардан
сақтандыру тиiстi спорт клубтарының, қоғамдарының жəне басқа да мүдделi ұйымдардың
қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган спорт түрлерi бойынша
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық
жарыстарға даярлау жəне қатысу кезiнде бюджет қаражаты есебiнен сақтандыруды жүзеге
асырады.