Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет4/6
Дата13.11.2016
өлшемі1,07 Mb.
#1609
1   2   3   4   5   6

А.Е.ВАРЛАМОВ /1801-1848/.

Александр Егорович Варламов 1801 жылы Москвада дүниеге келді.Әкесі отставкадағы поручик болатын. Бала кезінен өте зерек болды. Естіген әндерін скрипка мен гитараға салып алып ойнай беруші еді. Есту қабылеті жоғары, таланты барын көрген әкесі Петербургтегі сарай жанындағы ән капелласына оқуға береді. Ол кезде Александр он жаста еді. Капелланың директоры Бортнянский де баланың дарыны барын көріп, жеке сабақ береді. Капелланы бітірген соң Голландиядағы Гага қаласында орыс посольствасының шіркеуінде әннен мұғалім болып істейді. 1829 жылы Петербургке оралады, Глинкамен танысады. 30-шы жылдары романс пен әндері халыққа кеңінен танымал бола бастады. «Ах,ты время,времячко», «Горные вершины», «Тяжело, не стало силы», «Вдоль по улице метелица метет», «Песня разбойника», «Вверх по волге», «Река шумит» және «Белеет парус одинокий» Лермонтовтың сөзіне жазылған.

Варламовтың 150-ден аса романстары мен әндері, концертке арналып өңделген орыс халқы әндері ән мектебіне арналады.

А.П.ГУРИЛЕВ /1803-1858/.

1803 жылы Москвада Александр Попович Гурилев дүниеге келді. Әкесі граф Орловтың крепостной музыканты болатын.Ол крепостной оркестрдің жетекші қызметін атқарушы еді. Алғашқы мұғалімі Александрдің әкесі болды. Бала шағынан Александр крепостной оркестрде скрипкада ойнайтын.

Граф Орловтың балаларымен қоса фортепианода ойнауды үйренді.

Атақты композиторлар Джон Фильд пен Геништен сабақ алды. 1831 жылы әкесі бас еркіндігін алды және баласы Александр да крепостнойлардың ауыр жағдайынан құтылды. Енді жас музыкант көптеген шығармаларын жазып, сабақ беріп, өзінің жеке қоя бастайды.

Композитор Варламовпен достығы өзіне көп сүйеу болады. Варламовтың өлеңдеріне «На заре ты ее не буди» фортепианолық вариациялар жазады.

Гурилевтің өмір жолы өте ауыр да қысқа болды. 1858-ші жылы 55 жасында қайтыс болды.

Әндерін «Матушка-Голубушка», «Вьется ласточка сизокрылая», «Разлука», «Колокольчик» халық жылы қарсы алды. Көптеген әндерін, романстарын би ритмінде –мазурка, полька,вальске салып жазды. Әсіресе «Колокольчик» әні өзінің әсерлігімен, терең сезімде, драмалық кульминациямен аяқталады.

Алябьев, Варламов және Гурилев орыс музыкасының қазынасына қымбат шығармаларымен үлестерін қосты.

Біздің заманымызда да осы композиторлардың ән, романстары үлкен сүйіспеншілікпен орындалады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыптың аты: МИХАЙЛ ИВАНОВИЧ ГЛИНКА.

Сабақ мақсаты: шығармашылығының мәнін ашу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Новоспасск ауылында Смоленск Губерниясында 1804 жылы майдың 20-да дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауырушаң, әлсіз болып өсті.

Ағасының жақсы оркестрі болғандықтан үйде ән-күй үзілмеуші еді. 1812 жылғы Наполеон оқиғасы қзіне қатты әсер қалдырды. 1817 жылдан 1822 жылға дейін Петербургтағы Благодарный пансионында оқыды.

Алғашқы романсын 1825 жылы жазды, «Бедный певец», «Элегия», «Не искушай». 1830-шы жылы апрельдің 25-де Италияға кетіп, көптеген опералар тыңдады және сонымен қатар шығармалар жазылды. Россияға 1834 жылы оралды. Осы кезеңдегі жазылған операсы , Иван Сусаниннің ерлігіне арналды.

1836 жылы «Руслан и Людмила» деп аталатын бірінші орыстың ертегі- эпикалық операсы дүниеге келді.

Әнге арналған шығармалары да бар, «Ночной смотр», «Я помню чудное мгновение», «Жаворонок», «Ночной зефир», «Сомнение», *Вальс-фантазия* деген әндері фортепианоға арналып жазылған. 1844 жылы шет елдерге Францияға, Испанияға сапар шегеді.

Сол жылдарда Г.Берлиозбен танысады. Испан халқының биін қолдана отырып ,1845 жылы симфониялық шығармалар жазды- концерттік увертюра «Арагонская хота», 1848 жылы- «Ночь в Мадриде» және *Камаринская*.

Соңғы жылдары ол Петербургте, Варшавада, Парижде, Берлин қалаларында өмір сүрді. 1857 жылы Берлин қаласында қайтыс болды.



«ИВАН СУСАНИН» ОПЕРАСЫ.

Иван Сусанин операсы 4 актілі опера. 1836 жылы жазылған.

І – көрініс. Бұл опера 1612 жылы поляк жаулаушы әскерінін Москва қаласына шабуылы жайында. Осы шабуыл бүкіл орыс халқының қарсылығын тудырады. Оның ішінде Домнина И.Сусаниннің ерлігі ерекше. Оның қызы Антонина ер жетіп , өзінің сүйікті жігіті Собиннің әскер қатарынан аман-есен қайтып оралуын, және жігітіне тұрмысқа шығуын армандайды. Сол кездегі орыс әскерінің басшылары Минин мен Пожарский ерліктерін шаруаларға айтып келеді. Ал И.Сусанин балаларына бақыт тілейді. / интродукция, каватина Антониды. Трио «Не томи родимый»/.

П – көрініс. Поляк королі Сигизмундтың сарайында үлкен бал өтіп жатады. Өздерінің орыс халқын жаулап алатынына сенімдері мол , мақтанып, алдын-ала шаттануда. Осы кезде хабар келіп, Минин мен Пожарский халық әскер жасағын жинап, соғысуға дайындалып жатқандығын хабарлайды. Сол себепті, поляктар да қайтадан жаулап алу жоспарын құра бастайды.

/ 4 би: полонез, краковяк, вальс, мазурка\

Ш - көрініс. Иван Сусаниннің үйінде дайындық жүріп жатады. Осы кезде поляктар келіп, Сусаниннен Москваға барар жолды сұрайды. Ал Сусанин болса баласы Ваняны орыс әскерлеріне ескертуге жіберіп, өзі оларды ну орманға апарып, адастыруға бел буады. Әкесінің өміріне қауіптеніп қорқып отырған Антонида келген жолдас қыздарды қарсы ала алмайды.

Бұл кезде поляк жаушыларымен Иван Сусанинді іздеуге өзінің шаруа әскерлерімен Сабанин келеді.

1. Песня Вани «Как мать убили»

2. квартет – Сусанин, Ваня, Антонида, Сабанин.

3. Сцена Сусанина с поляками.

4. Свадебный хор «Разгулялись – близка к свадебным песням».

5. Песня романс Антониды «Не о том скорблю».

ІУ – көрініс. Түн ішінде хабаршы Ваня келеді. Ол жабық қақпаның ашылуын күтеді. Ақыры поляк жаушыларының келе жатқанын айтып үлгереді.

Өзінің сенімді адамдарымен Сабанин қалың қардан азап көріп, өзер дегенде поляк жаушыларына жетеді. Қараңғы түнде ну орманға Сусанин поляктарды адастырып өлтіруге әкелгенін көрсетеді. Бұл көріністе оның ариясы «Чуют правду», «Ты взайдешь моя заря» орындалады.

Эпилог. /қорытынды көрініс/

Москвада Қызыл алаңда халық жеңісін тойлап жатады. Осы кезде Антонида, Ваня, Сабанин келіп әкесінің өлгенін хабарлайды.

Опера, халқы үшін ерлікпен өлген батырлары / Минин, Пожарский тағы басқа/ және Россияның бостандығы үшін күрескен ерліктеріне арнап «Славься» хорымен аяқталады, Глинка бұл хорды «Гимн марша» деп атаған.

ОРКЕСТРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫ.

Глинка еңбектерінің ішінде симфониялық оркестрге арналған еңбектері үлкен орын алады. Атап айтқанда «Комаринская» фантазиясы, испандық увертюралары , «Арагонская хота», «Ночь в Мадриде», «Вальс фантазия». Халық әндерінің негізінде музыкалық шығармалары үлкен көркем мазмұн беріп, аспаптарға оранжировкалар жазылды.

Симфониялық фантазия «Камаринская».

Орыстың халық әндерінің екеуіне Вариация жасайды. / Негізгі теманы өңдейді / . Темалары әндердің бір-бірімен байланысты.



І-ші тема. Кең салмақты келін түсіп жатқан тойға арналады. «Из за гор высоких» әні жазылады.

П-ші тема. Орыстың билік мелодиясы «Комаринская» жазылған. Темалардың дамуы барысында композитор үрлеп ойнайтын халық аспаптарын / дудка, жалейка, постушный рожок/ қолданады.

Екі тема бір-бірімен ұштасып, әр түрлі ырғақта жалғасады. Бұл симфонияда копозитор еркін көркем суретпен халықтың тұрмыс салтын, қуанышын көрсетіп береді .



ГЛИНКАНЫҢ РОМАНСТАРЫ МЕН ӘНДЕРІ.

Орыс классиктерінің мақтанышы Глинка өзінің бүкіл өмірінде әндер мен романстар жазып өткен. Соның ішінде өзінің жан сезімін білдіретін лирикалық және орыс халқының тұрмыс –салтымен табиғат суретіне арнаған романстары. Оның шығармашылық өрнегі мол, негізгі текстінің терең мазмұнын анық көрсететін мелодияның әсемдігі классикалық формада бізге тап-таза жетті.

Глинка өзінің көптеген романстарын Жуковский, Дельвич, Пушкиннің жақын досы Кукольниктің өлеңдеріне арнап «Прощание с Петербургом», «Жаворонок», «Попутная песня» деген шығарма ретінде жазды.

«Ж А В О Р О Н О К»

Ойлы жан сезімін білдіретін, өзінің мамыр, мақпал әнімен ақжарқын көңілді айтылатын ән.

Фортепианоның сүйемелдеуінде табиғат көрінісі, кең байтақ дала, жер-су суреттеледі.

Әншіге қосылар алдында трельмен қараторғайдың, тоқылдақтың үнін береді.



«Я ПОМНЮ ЧУДНОЕ МГНОВЕНИЕ»

Бұл ән Пушкиннің өленіне арнап жазылған, орыстың вокалдық лирикасының інжу-маржаны деп айтуымызға болады.

Романс 3 бөлімнен тұрады.

Әннің құрылысы өлеңнің мазмұнына сәйкес дамиды. Әнде басқы кейіпкердің үш кезеңдегі көңіл күйі.

Бірінші кезең: Кездесу.

Екінші кезең : Сүйгенінен айырылып қалу.

Үшінші кезең: Қайтадан кездесу кезіндегі қуаныш.

Соңынан анық байланыспен, мазасыз көңіл күйді білдіретін ортаңғы бөлім жүреді. Мұнда музыка осы бір тағдырды қатыгез сөзбен баяндап тұрғандай болады.

Үшінші бөлімде қайтадан бастапқы ашық мелодиясымен қуаныш пен күдікті қабастастыра көрсетеді.

«ВАЛЬС ФАНТАЗИЯ».

/ 1856 /


Лирикалық характерде жазылған. Шығармасын бастапқыда фортепианоға арнап жазады. Соңынан кеңейтіп, өңдеп өлерінің алдында симфониялық оркестрге бейімдеді.

Фантазияның негізгі темасы жанға жайлы, ерке сазды, әсемдікке толы болып келеді.

Құрылысы әр-түрлі 3 тақырыпта / /фразалар мелодияға ұшқыр, жеңіл мазмұн береді. Негізгі тема вальстік ритммен мазмұны жағынан әр-түрлі болатындай эпизодтарды байланыстырып, Ронда формасына ұқсас бірнеше рет қайталанылады.

Тақырыптың аты: АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВИЧ ДАРГОМЫЖСКИЙ

Сабақ мақсаты: операларының шығу тарихымен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Даргомыжский Глинканың ізбасары. Орыс музыкасының тарихына жаңалық еңгізген үлкен өнер адамы.

ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары орыс мәдениетінің өркендеу кезі еді. Композитор Даргомыжскийдің шығармашылығының ерекшелігі, сол кезеңде Россияның алдыңғы қатарлы жазушы, суретшілерімен тығыз байланыста болғанын көрсетеді.

Ең жақсы деген шығармалары Пушкин мен Лермонтовтың сөздеріне арналды.



ӨМІР ЖОЛЫ.

Александр Сергеевия Даргомыжский 2 февральда 1813 жылы Тула губерниясында, Бельбск уезі Тронцкий қаласында дүниеге келді.

1817 жылы әке-шешесі Петербургке көшіп келіп, коммерциялық банктің канцеляриясында әкесі қызмет жасайды.Музыкалық білімді үйде алады.

7 жасында фортепианода ойнауды игереді. 10 жасында шығармалар жазуға талаптанады. Ол тек фортепианоны ғана үйреніп қоймай , скрипка мен ән айтуға да әуестенеді.

Пианист Франц Шаберлехнерден 3 жылдай сабақ алды. 18 жасында Даргомыжский шығармашылық жұмыспен айналыса бастайды .

Бірақ та композиторлық техникасы жетіспейді. 1835 жылы Глинкамен кездесу, өміріне үлкен өзгеріс кіргізді.

Жас музыканттар бір-бірімен тез тіл табысып, Глинка музыка теориясын жетік үйренуіне көмектеседі. 1841 жылы Виктор Гюгоның «Собор Парижский богоматери» романының сюжетіне «Эсмиральда» операсын жазады.

«Торжества Вакха» кантатасын Пушкиннің сөзіне жазылған, кейіннен опера балетке қайта өңделеді. 1844 жылы шет елдерде Берлин, Брюссель, Париж, Вена қалаларында жарты жылдай болып, көптеген музыкант, композиторлармен танысады. Өмірге деген көзқарасы, көңіл-күйі терең өзгеріске түседі. Еліне сапардан оралысымен, Пушкин пьесасының сюжетіне арнап «Русалка» операсын жазады.

Глинканың жолымен жүрседе, жүректі, жаңашыл, батылдығын өз шығармаларында көрсете алған композитор.

1853 жылы орыс музыкасының сыншысы және ағартушысы В.Ф.Одьевскийдің қолдауымен Даргомыжскийдің шығармашылық концерті өтеді. Тыңдаушы қауым концертке үлкен баға береді.

Даргомыжский енді «Русалка» операсына өзі либретто / үлкен музыкалық шығарманың, көбінесе операның сөздері/ жазады.

жылы Петербургтегі Театр- цирктің сахнасында «Русалка»

операсы қойылады. Жастар жанашырлық танытқанымен, ақсүйек қауым операны қабылдамайды .

1860 жылдары оркестрге арналған пьеса «Казачок», «Баба Яга» және «Чухонская фантазиясы» жазылды. Орыстың музыка қоғамының мүшесі болғандықтан көп уақытын Даргомыжский халық ағарту жұмысына арнады.

1864 жылы Даргомыжский тағы да шет елде болып, Брюссель қаласында өзінің шығармаларына арналған концерт қойылады. Өмірінің соңғы жылдары «Каменный часть» операсын жазумен шұғылданады.

Текстісі Пушкиннің шығармасынан алынған бұл операсы *Могучая кучка* композиторларын таң қалдырады. Бірақ аяқтай алмай 5 январьда 1869 жылы қайтыс болады. Глинканың жанына жерленді.

Өзінің өсиеті бойынша композитор КЮЙ аяқтап, Римский-Корсаков «Каменный частьті» оркестрге түсірді.


  1. жылы *Могучая кучка* композиторлары Петербургтің

Мариинский театрында операның қойылуына көмектесті.

«РУСАЛКА» ОПЕРАСЫ.

Тұрмыстық драманы көрсететін орыстың 1-ші операсы. Композитордың алдына қойған негізгі мақсаты: кейіпкердің ішкі жан дүниесін, олардың сәтсіз кезеңдерін, ішкі мінез құлықтарын көрсету.

*Русалка* операсынын негізгі тақырыбы әлеуметтік келіспеушілікті, көркем суретпен орыстың кедей қызының бай князьдің алдағанына сеніп, тастанды болып қалғанын шындық пен көрсетеді. Сол кездегі шаруалар мен олардың жас қыздарының, байлардың мазағы болғанын, осы операдағы Наташа трагедиясынан байқайға болады. Операның драмалық сюжеті А.С.Пушкиндік. Қатысатын адамдар:

Мельник –шал, оның қызы Наташа, Ольга Княчинаның жолдас қызы. Княчина – байдың қызы. Опера 4 көріністен тұрады.

*Русалка* деген киялдан туған, су астында өмір сүретін әдемі қыз.

/опера 4 көріністен тұрады/ . Көріністің алдында сонаталық увертюра ойналады. Оның мазмұнында П- көріністегі тойға арналған хор темасы.

І-ші көріністен Наташаның ариозасы орындалады.

І-ші көрініс. Днепр өзенінің жағалауындағы диірмен. Жас князьбен Наташа бір-бірін ұнатады. Аяғы ауыр болып қалған Наташа, әкесінің айтқан ақыл- сөздерін ескермей, болашағына ой салмай, бар ықыласымен беріліп князьді сүйеді. Ал князь болса сөзіне тұрақсыз, диірменге келуін сиретеді.

І-ші көрініс. Диірменшінің / Мельниктің/ ариясымен басталады. «Ох, то-то все вы девки молодые !!» музыкасы жылдам, пляска бидің ритмімен, акцентпен, кәрі шалдың қырсық мінезін көрсетсе, әрі қарай үш образдың көңіл-күйін беретін лирикалық терцет Наташаның ариясы «Ах, прошло то время, время золотое» және қыздар арияся лирикалық ән «Ах, ты сердце», әйелдер хоры «Заплетатся, плетень» және хорлық ән «Как на горе мы пиво варили» орындалады.

Көріністің аяғында князь бай қызға үйленетінін жариялайды.

Наташаның әкесіне бір қап ақша беріп, өзіне қымбат басына орамал /повязка/ байлап жылдам кетіп қалады. Алданғанын түсінген Наташа қайғыдан Днепр суына құлап өледі.

П-ші көрініс. Князьдің бай қызына үйлену тойынан басталады. Бай қыз жолдастарымен қоштасады. Соңы үлкен мерекелік көрініс Славян билерімен ұласып, қалжың ән *Сватушка* мен жалғасады.

Осы кезде суға кеткен Наташаның қайғылы әні естіледі. Нәзік ән салқын сезіммен арфа мен габойда орындалады. Ыстық сезімдегі Наташа, екінші образда салқын қанды Русалка арқылы көрінеді. Дауысты естіп қорыққан князь өзінің қызметшілеріне Наташаны тауып, судан шығаруын сұрайды. Халық көрінісі.

Той көңілсіз аяқталады.

Ш-ші көрініс. Князьдің усадьбасы. 12 жыл уақыт өтті. Бұл жылдар семьясына бақыт әкелмеді. Оны өмірдің қызығынан күдер үзген Князьдің наватинасынан *Невольно к этим грустным берегам* көруге болады.

Музыкасы ойлы-қайғылы орындалады. Наташаның әкесі болса қайғыны көтере алмай ақылынан алжасып өзін *қарғаға* теңейді.

Князь шалдың қасіретін көріп үйіне шақырады. Шал қызын өзіне қайырып беруін сұрап, ыза-кектен Князьді өлтіремін деп жүгіреді.

ІУ-ші көрініс. Наташа- Русалканың кек алу көрінісі. Су жағасына Князь келеді. Өзінің кішкентай Русалка қызы әкесіне шешесі туралы айтып, оны су түбіне шақырады. Сол кезде тереңнен Наташаның дауысы естіледі, Князьді өзіне шақырған. Князь суға кетіп өледі.

Эпилог. Днепр су патшалығы.

Кішкене русалкалар өлген Князьді патшаның аяқ астына әкеп тастайды. Осылай русалкалар алданған наташаның кегін қайтарады.

Даргомыжский сол кездегі орыс халқының қатыгез теңсіздігін батыл әшкерелеп, *Русалка* операсы арқылыашық корсете білді.

РОМАНСТАР МЕН ӘНДЕР.

Даргомыжский өз өмірінде 100 ден аса романстар мен әндер жазған. Композитор романстары мен әндері әр-түрлі уақиғаға байланысты жазылған ақындар өлеңдеріне арнады. Ақындар жазған өлеңнің мақсат-мазмұнын бұзбастан, халыққа түсінікті музыка тілімен жеткізді. Сол заманның ақындары, өз ортасында болып жатқан өмір көрінісін өлең сөзбен жаңаша бейнелеп берсе, композитор сазымен нақтылы сезім тоғанысын суреттейді.

Мысалы ақын А.Дельвичтің өлеңіне *Мне минуло шестнадцать лет*, жазылған жас қыздың бойындағы құбылмалы қызу қанды, бұлтарысы көп жастық шақтың бейнесін, мажорлық ладта жеңіл вальс ритімімен көрсетеді.

«МНЕ ГРУСТНО» РОМАНСЫ.

Орыстың ақыны Лермонтовтың өленіне арналған романс. Композитор Лермонтов пен Пушкиннің шығармаларын сүйіп оқыған. Лермонтовтың *Мне грустно* өлеңі мазмұны жағынан терең ойлы. Сол замандағы баөытсыз қоғамның, арсыз адамдардың, қанышер жауыздардың ортасында, шындықпен өмір сүретін жаны таза адамдардың қиыншылығын баяндайды.

Композитор осы өлеңнің терең мағанасына сәйкес музыка жазғанда, өлеңнің мазмұны одан әрі кеңейеді. Өлеңмен музыка сәйкестігі ғажайып, таңқаларлық құрастырылған. Шығарма фортепианомен орындалса да, дыбыстары тұрмыс-салт романстарының гитарамен сүйемелдеген үндестігін еске түсіреді. Ойлы нәзік үндер гитар пернелерінен шыққанда, романсты орындаушы дауыстық үндестігін көркем шеберлікпен жеткізген.

«СТАРЫЙ КАПРАЛ»

/ ХУШ-ХІХ ғасырдың бас кезінде Россиядағы әскери кіші командир. /

Старый капралдың сөзі француз ақыны Пьера Беранженікі. / аудармасы Курочкиндікі \ . Бұл әнде Даргомыжский таптық теңсіздікті, әділетсіздікті көрсеткен. Әділетсіз адамдарға тап болған кәрі капралдың тағдыры. Жас офицердің тәртіпсіздігін көтере алмаған капрал қарсылық көрсетеді. Осыған байланысты оны ату жазасына бұйырады. Жазалайтын жерге алып келгенде кәрі капрал жолдастарын көңілдендіреді.

Аяғыңмен тік тұрыңдар ! Бір ! Екі !

Кеудеңді көтер саспа

Қиыншылықтан қашпа ! Бір ! Екі !

Деп оның азаматтық ержүрек ісі суреттеледі. Кәрі капралдың осындай ерлігі «Марш ритмімен орындалады»

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Опералары: «Эсмиральда», «Русалка», «Торжества Вакха» және

«Каменный часть» .

2. Симфониялық пьесалар: «Казачок», «Баба Яга», «Чухонская

Фантазия».

3. Жүзден аса әндері мен романстары. /Кальцов, Курочкин, Пушкин,

Лермонтов және т\б ақындардың сөздеріне арналған./

4. Вокалдық ансамбль.

5. Фортепианолық пьесалар.

Тақырыптың аты: ХІХ-шы ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

ОРЫС МУЗЫКАСЫНЫҢ ДАМУЫ.



Сабақ мақсаты: сол кездегі жалпы мәдениеттегі жаңалықтармен мен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі

:

Орыс мәдениетінің шыңына жетіп, гүлденген уақыты ХІХ ғасырдың екінші жартысы болды.

60 –шы жылдардың бас кезіндегі қоғамдағы қақтығыстар , Россияның Қырымдағы жеңілісі 1853 -1856-шы жылдардағы, крепостнойлық право Россия елінің өркендеуіне үлкен бөгет екенін, елдегі шаруалардың теңсіздігі, патшалық Россияның артта қалғанын дәлелдейді.

Осы шиеленіскен жағдайлардың барлығы қоғамда революциялық жаңа идеяның қалыптасуына жол ашты. Патшалық самодержавиеге қарсы рухтары биік интелегенттер шыға бастады.

Олар: дворян интелегенттер мен разночинцылар /разночинец ХІХ ғасырдағы Россияда дворяндардан басқа сословиеден / қоғамдық топтар/ шыққан интелегенттер/.

Герценнің басшылығымен жасырын «Колокол» журналы, ақын жазушылар Некрасов, Чернышевский, Добролюбовтың ұйымдастыруымен шығатын «Современник» журналдары шыға бастады.

Бұл интелегенция қауымы, шаруалардың бостандығын қорғап, патшалық Россияға қарсы үлкен ағартушылық жұмыс атқарады.

Әдебиетте, сурет-живописьте, музыка да жаңа көзқарас, жаңа ойлар пайда болды. Олар : Некрасов, Чернышевский, Добролюбов болса, олардың идеясын сурет өнерінде жалғастырушылар : Перов, Крамской, Репин, Суриков, Левитан. Осы суретшілердің суретін сатып алып сурет галереясын ашып, халық игілігіне сыйлаған П.М.Третьяков. Ол өзінің ұйымдастырған сурет галереясын 1892-ші жылы Москва қаласына тарту етіп сыйлады.

Музыка саласында да көптеген өзгерістер байқалады. 1859-шы жылы Петербургте бір жылдан кейін Москвада орыс музыка қоғамы РМО -/русское музыкальное общество/ құрылды. Бұл қоғамның құрылуына орыс пианисі Антон Григорьевич Рубинштейн көп күш жігерін жұмсады.

1862 жылы Петербургте алғашқы орыс консерваториясы ашылады. Директоры А.Г.Рубинштейн болады. 1866-шы жылы Москвада да консерватория ашылып Антон Григорьевичтің ағасы Николай Григорьевич Рубинштейн тағайындалады. Ол да пианист, дирижер, жақсы мұғалім болатын.

Консерваторияны бітірген алғашқы түлектер халыққа жұмыс үстей бастады. Солардың бірі орыс халқының мақтанышы Петр Ильич

Чайковский. 1862 жылы ақысыз оқылатын музыка мектебі ашылады. Өнерді сүйетін оқушыларға музыкадан білім беріледі. Теория, хор, оркестрге арналған аспаптармен таныстырылады.

Балакировтың басқаруымен Россияда музыка оқу орындары әр түрлі салада жұмыс істей бастады.

Бұл кезде Балакиров, Кюй, Мусоргский, Бородин және Римский-Корсаков құрған *Могучая кучка* қуатты ұйымға айналды. Олар үлкен еңбекпен әндер жинай бастады. Тек орыс халқының әндерімен шектелген жоқ, сонымен қатар Шығыс елдерінің , Кавказ, Орта Азия елдерінің әуендерін жинаумен айналысты. Еңбектерін халық игілігіне жұмсады.

60-70-ші жылдары, орыс музыкасының даму жолындағы көптеген қиыншылықтарды жеңу үшін, аянбай күресуге тура келді. Олар : кертартпалық көзқарастағы сыншылар /консервативный/, бюрократ чиновниктер. Бұлар ұлттық мазмұндағы орыс операларына жол бермей, шетел музыкасын дәріптеп қолдағандар еді.

Қорыта айтқанда 60-70 жылдар орыс мәдениеті үшін ең маңызды жылдар болып есептеледі. Барлық қиыншылықтар мен қақтығыстарға қарамастан халық бостандығы үшін күреске шақыра білді.

Музыка , сурет , живописьте құнды көркем шығармалар жасалып, орыс мәдениетінде халықтық, ұлттық өнердің жолы ашылды.

Тақырыптың аты: АЛЕКСАНДР ПОРФИРЬЕВИЧ БОРОДИН

ӨМІР ЖОЛЫ .

Сабақ мақсаты: симфонияларының шығу тарихымен жақынырақ танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Александр Порфирьевич Бородин 31 октябрьде 1833 жылы Петербург қаласында дүниеге келді.

Саша кішкентайынан еңбекшіл, ақылды, алғыр болып өсті. Бірнеше шет тілдерін тез игерді –француз, неміс, ағылшын, итальян тілдері. Үрмелі аспаптарда ойналатын оркестрді тыңдағанды жақсы көретін. Және естіген әрбір музыкасын есте сақтап, үйде ойнауға тырысатын. Ал шешесі гитарда ойнап, орыс әндері мен романстарын айтатын, музыканы қадірлейтін адам болды.

Баласының музыкалық қабілетін анасы ерте аңғарды. Саша 8 жасынан флейтадан, сосын фортепианодан сабақала бастады. Саша 9 жасында алғашқы пьесасын «Элен» жазса, 13 жасында флейтаға арнап шағын концертін жазды.

Музыкаға деген ынтасымен қатар Бородин бала кезінен химия мен табиғат тану- биологиға көп көңіл бөлді.

1850 жылы Дәрігер-хирургия академиясына түседі. Оны бітірген соң, аз уақыт госпитальда дәрігер болып істейді.

1858 жылы диссертациясын қорғап, ғылыми доктор атағына ие болады. Болашағынан үлкен үміт күттірген жас ғалымды шетелге 3 жылға командировкаға жібереді.

Осында ол атақты орыс пианисткасы Екатерина Протоповнамен атнысады. Өзінің шебер ойынымен ол Бородиннің шетел композиторлары Шопен, Шуман, Листке деген сүйіспеншілігін арттырады, кейінірек Бородинге күйеуге шығады.

Музыкалық шығармалар жазуға ынтасы ерекше байқалған Балакиревтің «Музыка қоғамына» қатысқан кезден басталады.

«Спящая красавица», «Морская царевна», «Песня темного леса»,драмалық баллада «Море». Сол сияқты лирикалық-романсы, ақын Гейненің сөзіне жазылған «Отрывай полны мои песни». 1876 жылы – 2-ші симфониясы «Богатырская» героическая. Опера «Князь Игорь», 2-ші квартеті. Осы жылы /1882/ Пушкиннің өлеңіне жазылған «Для берегов Отчизны дальней» т.б. көптеген шыгармалар , романстар жазады.

1887 жылы 15 қаңтарда кешке таман жүрек ауыруынан қайтыс болады. Сонымен 3-ші симфониясы «Князь Игорь» де аяқталмай қалады. Бқл шығармаларын жоғалтпай тауып алып, көп еңбекпен жасаған орыс композиторлары Глазунов пен Римский-Корсаков болды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет