Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Органға арналған шығармалар



бет2/6
Дата13.11.2016
өлшемі1,07 Mb.
#1609
1   2   3   4   5   6

Органға арналған шығармалар.


Орган ертедегі египет, рим, грек елдерінен келе жатқан үрлеп ойналатын клавиштық аспап. Бұл аспап, бұрынғы кезде шіркеу әндерін орындауға, кейіннен “жеке орындау” аспабына айналды. Қазіргі органның құрылысы бірнеше мың ағаш және метал трубалардан тұрады. Аспаптың жеті қатары қолға арналған клавиатурадан, ал аяққа арналған 32 клавишадан тұратын клавиатурасы бар. Органның клавишалары трубамен байланысып тұратын үлкен музыкалық аспап, дыбыстары өте күрделі, кейбір рычагін басқанда, әртүрлі аспаптық дыбыс бояуын беріп, оркестірге айналып кетеді. Сондықтан, бұл аспапта ойнау өте қиын, шеберлікті керек етеді. Орган Бахтың сүйіп ойнайтын аспабы болды.

Бах осы аспапқа арнап көптеген музыкалық шығармалар жазған. Олар:

хорал, фантазия, фуга, соната т.б. шығармалары.150-дей хорал жазған. Хорал-ескі діни ән ( немістердің мелодиясынан алынған), хорал негізінде төрт дауысты болып келеді

Хоралдық прелюдия фа минор

.

Фортепианоға (переложение-ауыстырып), қалыптастырып жазған. Жұмсақ лирикалы характерде жүреді. Негізгі әүен, жоғарғы дауыста- Бах гобой аспабына беріп тұрғандай әсер қалдырады. Саспайтын төменгі дауыстың салмақты қозғалысымен, негізгі әүенгі-сазға жұмсақ, тереңдік сезімін береді. Бұл шығарманың ерекшілігі, Бах шығарманың дауыстық стилін, аспаптық стилге, фортепиянамен орындауға ауыстырып жазғанында. Бұл жаңалық, сол кездегі үлкен өзгеріс болып есептеледі.



Клавиралық шығармалары.

Аспаптық шығармаларды немесе вокальдық шығармашылығындағы ансамбілдік аккомпониментті фортепианоға ауыстыру.

Бах полифониялық шығармалардың ғаламат шебері. Ол көптеген шығармаларын полифониялық мазмұнда жазған.

Полифония”- грек сөзі, көп дауысты деген мағнаны береді. Әрбір дауысы, өзбетімен жеке дамиды. Алдымен 1-ші дауыс орындалып, соңынан 2-ші, 3-ші, 4-ші дауыстар бірін-бірі жалғастырып, бір-бірімен байланысып кете береді. Мұндай әдісті “имитация” дейді. (Латын тілінде имитация- еліктеу (подражание) мағнасын береді.)

Негізгі дауыстың алма-кезек басталып, әрбір дауыс, алдыңғы дауысты алып кетіп, негізгі әүенді қайталап отырады.

Инвенциялары.


Имитациялық (жоғарыда айтылды) стильде жазылған, көбінесе екі дауысты болып келеді. Барлығы он бес шақты.

Инвенция –латын сөзі, бұрын болмаған жаңа ойнаудың стилін жасау, немесе “ойдан шығару” деген сөздің мағнасын береді.

Инвенцияның негізінде жазылған шығарма қысқа, өте сазды тақырып болып келеді.



До мажорлық инвенция.

Полифониялық мазмұнда жазылған, негізгі әүені, шығарманың басында бір дауыспен жүреді. Ары қарай жоғарғы дауыста келе жатқан әүені, октава төмен ойналып, оны екінші дауыс алып кетеді. Екінші дауыстың басталуымен, бірінші дауыс қозғалысын тоқтатпайды, ол тақырыпқа өң беріп, енді өзі басқа дауыс болып кетеді. Осындай бірінші дауыстың жалғасын табуын- ықпалдас деп атайды.

Егер инвенцияда музыкалық ой-негізгі тақырып, ешбір дауыста байқалмай өтсе, оны “интермедия” дейді. Ол негізгі темалардың аралығындағы қысқа тақырып (латын сөзі- ”аралық”,между”.) Екінші тақырыптың аралығын жалғастыратын қысқа тақырып.

Бахтың француздық және ағылшындық сюиталары .

Бах алты француздық, алты ағылшындық сюита жазған.

Сюита- француз сөзінен “қатар” бірінен соң бірі деген реттік ұғымды береді.Сюита бір идеяға бағындырылған, әртүрлі пьесалардан құрастырылған музыкалық шығарма.

Француздық сюита до минор.

Сюитаның негізінде төрт билік музыка жүреді. Олар: аллеманда, куранта, сарабанда, жига. Ал сарабандамен жиганың аралығында қосымша билік пьесалар келтіріледі. Олар: менуэт, гавот, бурре сияқты.



  1. Аллеманда. 16-шы ғасырдан белгілі 4/4 өлшемдегі, ескіден келе жатқан неміс биі көп адаммен билейді. Аллеманда биін асықпай, жұмсақ жүріп билейді. Тональдығы до минор. Негізгі әүен жоғарғы дауыста өтеді. Би қысқа тактыдан басталады.

  2. Куранта. 3/4 өлшемдегі ширақ жүріп биленетін француз биі. Бұрынғы кезде екі адам бірігіп билеген. До минорда жүреді, қысқа тактыдан басталады.

  3. Сарабанда. 3/4 өлшемдегі ескі испан биі,өте ақырын, сап түзеп келе жатқан шеру қозғалысын білдіретін би. Бұл бидің музыкасын кей кездерде қайғылы кезендерде, үлкен атақты адамдарды жерлеу кезінде де ойнаған. Жоғарыда ескертілген до минор сюитасында, сарабанда мен жиганың аралығында ария мен менуэт ойналады. Басында ария ән деп аталса соңынан бұл оркестр мен дауысқа арналған өте күрделі композицияға жұмсақ, кең әнді пьесаға айналады.

  4. Менуэт. Ескі француз биі. Екі бишінің алда отырған көрермендерге, бас иіп, қол соғып жүргендей қозғалыспен биленеді. Асықпай, жәй сәнмен.

  5. Жига. Ескіден келе жатқан халық биі. 17-18-ші ғасырларда Англияда, Ирландияда, Шотландияда көп тараған би. Англиялық жига –матростар билейтін би. Өте тез қимылды, көңілді биленеді. Ритімінің топ триоль; өлшемі 3/8, 6/8, 9/8, 12/8. Ал до минордың жигасы шапшаң, пунктир ритм басынан аяғына дейін музыкаға қатаң характерді береді. Жига екі дауысты, өлшемі 3/8 осындай бөлек-бөлек билерден тұрса да, барлық билер өзінің негізін тональдығы до минорда жүреді. Бұл билердің контрастылығын, және байланыстылығын көрсетеді.

Х.Т.К-ның 1-ші томынан прелюдия және фуга до минор.

Бахтың музыкалық көркем шығармашылығының ішіндегі ең құндысы. 48 прелюдиядан тұратын және фугадан тұратын Х.Т.К-ның 1 және 11 том жинағы. Ол клавиштік аспапқа үлкен өзгеріс жасады. Себебі, ол кезде аспаптарда музыкалық дыбыстардың біркелкі теңдігі (строй) реттігі болмаған.Октавада, интервалдық тең құрам сақталмаған. Мысалы: до-ре-ми-фа; соль-ля-си-до. Сондықтан, көп кілт белгісі бар тональдық шығармалар, таза орындалмаған. Осындай кемшіліктер,композитор-

лардың шығармаларын орындауларына өте көп қиындықтар туғызған.

Ал, Бах әр “1 октава” өзара тең 12 жарты тоннан тұратынын, жарты тон қосылымдарынан 12 мажорлық, 12 минорлық тональдықтар құруға болатынын және осы 24 тональдықтың барлығы бірдей “тең” дыбыыс беретінін, шығармалар жазуға қиындығы жоқ, қолайлы екенін дәлелден беріп, атақты 48 прелюдия мен фугадан тұратын, Х.Т.К- ның 1-ші және 11-ші том жинағын жазған.Прелюдия мен фуга бірігіп, 2 бөлімді полифониялық мазмұн жасап, бір-бірімен іштей байланыста болып келеді, және тональдықтары да біреу. Мысалы: прелюдия және фуга до минорда (Х.Т.К-ның 1-ші томынан). Прелюдия өзінің біріңғай темп, қатал ритімімен музыкаға үлкен қозғалыс екпінін береді. Екінші жартысында біріңғай темп, арпеджиолық пассажға ауысады. Соңынан қозғалыс тоқтап, вокалдық шығармада, сөзбен айтылатынын еске салатындағы эпизодпен жалғасады.

Тындаушыға ой салып, бастағы әдістердің барлығы, музыканы өңдеп шаттықты көтеріңкі көңілмен автордың “ойлы” сөзін жеткізгендей жоғарғы кульминацияға жетеді. Соңынан, қорытындылау тақырыбына ауысады. Прелюдияның соңғы дыбысы, мажорлық терцияда өтіп, шығарманың біткенін бекітеді. Ары қарай, прелюдияға ұқсас фуга күйі жалғасады.

Фуга латын сөзі-“жүгіру”-бег. Бір дауыс, келесі дауысты қуып отырғандай немесе келесі дауысқа жауап бергендей. Фуганың негізінде бір-ақ тақырып болады. Ол бірнеше 2,3,4,5 дауыстарға бөлініп кетуі мүмкін.

Фуга до минор үш дауысты. Фуганың дауыстары хордағыдай сопрано, альт және бас болып бөлініп кетеді. Ортаңғы альттық дауыста негізгі тақырып до минор тональдісінен басталады. Негізгі тақырып экспозиция деп аталап, екінші ортаңғы бөлімімен бірнеше өңделіп (разработка) ми бемоль мажорға ауысады. Қайтадан бастапқы тональдікке фуганың үшінші бөлімі,реприза- қайталау деп аталады. Мұнда тақырып, до минорға толығымен көшіп, шығарма аяқталады.


Тақырыптың аты: ФРИДРИХ ГЕНДЕЛЬ

Сабақ мақсаты: Гендель шығармашылығының мәнін ашу, әсіресе ораторияларымен жақын танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Неміс композиторы Георг Гендель 1685 ж. Галле қаласында дүниеге келіп 1759 жылы 04.14. Лондонда өмір сүрген. Европадағы аса ірі опералық композиторлардың бірі. Гендель 40-тан аса операның авторы. Ол опера жанрында батырлық және тұрмыстық бейнелердің музыкалық мінездемелерін тереңдетіп вокалдық түрлерімен оркестрді байыта түсті. Монументті эпика-драмалық жанрдағы классикалық оратория тудыруда Гендельдің суреткерлік еңбегі ерекше орында. Отыздан астам оратория жазған композитор “Израильдік Египетте”, “Иуда Макковей”, “Самсон”, “Мессия” сияқты библиялық сюжеттерге жазған шығармаларында бұқара халықтың ұлылығын тұңғыш рет мадақтады. Гендель өз творчествосында неміс полифониясы мен алғашқы хор өнерінің дәстүрін одан әрі дамытқан суреткер. Композитор аспаптық музыкаға да үлкен үлес қосты.

Гендель неміс қауымының төменгі табынан шыққан, ата тектері қол өнерші кәсібімен айналысқан . Әкесі шаштаразы-хирург болатын. Жеті жасында ол өзінің орындаушылығымен таңқалдыра алды. Ал он жасында алғашқы шығармашылық тәжірибесі басталса, он екі жасындағы бірінші концерттік сапары Берлин қаласында болды. Гендельдің әкесі ұлының өмірінің музыкамен байланысын ұнатпады.

1697 жылы әкесі қайтыс болды. Әкесінің аманаты бойынша Гендель университеттің заң бөлімін бітіреді. “Страсти по Евангелию от Иоанна” –атты алғашқы ораториясын, “Альмира”, “Нерон”,”Веселая вдова” операларын жазды.

1706 жылы Италияда “Родриго”, “Агриппина” опералары жазылады және А.Скарлатти, А.Кореллимен танысады. 1710 жылы Ганновер қаласына келіп, сарай капельмейстер қызметіне орналасады. 1730 жылдары “Поро”, “Ариадна” атты ең жақсы шығармаларын жазды. 1750 жылы Гендельдің еліне Галле қаласына саяхатты, соңғы сапары болды. Ол жанарынан айырылады. 1759 жылы қайтыс болды.

Ораториялар.

Гендель ораторияларының сюжеттерін әр түрлі саладан құрастырады. Олар: тарихи, арғы көнеден /көбінесе көне грек, көне римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті, көркем өнерлері туралы/, киелі кітаптағы рухани кейіпкерлерден жиналды. Асқан атақты шығармалары киелі кітаптан алынған. Олар: “Саул”,”Израиль в Египте”, “Самсон”, “Мессия”. Өзінің ораторияларының жоғарғы деңгейін, шыңын көрсету мақсатында концерттерде, эстрадада орындап, жаңа ғұрыпқа көшті. Эстрадалық концерттерде киелі ораторияларды орындала бастады.

Гендельдің бар назары кейіпкерлердің тағдыры емес, халықтың тұрмыс- тіршілігінде еді жалғыс дауысты Seria операсынан өзгеше ораторияларының өзегі- негізі хор болып табылады. Бұл халықтың ойы мен көңіл-күйін жеткізетін түр ретінде қолданылды.

Самсон”.Музыкалық драма, киелі кітап бойынша драма- концерт. Самсонның аңызын драмалы түрге айландыру: оқиға, көңіл күй, басты кейіпкердің қиналысы, сол кейіпкердің өз ауызынан, речитативтен, ариядан, дуэттен және хор арқылы беріледі. /Речитатив- әнді музыкалық шығарманың, операның әндетіліп айтылатын бөлімі/. Дауласудың құрылысы: өшпенділік, жауласқан екі ел –израильдіктер және филистимляндар. Кейіпкерлері: Самсон, әкесі Маной, филистимляндық Далида, Миха, Харафа. Аңыз бойынша Самсон елден ерекше жаратылған, күшінің бәрі шашында, тәңірдің таңдаған құлы еді. Самсон осы күштілігімен израильдіктерден көрші елі, жаулары, филистимляндіктерді қорқынышта ұстады. Әйелі Далида Самсонға сатқындық жасады. Самсон ұйықтаған кезде шашын ұстарамен қырып тастады. Бір сәтте бишара болған Самсонды жаулары байлап тастады да, екі көзін ойып алып, өзін зынданға тастады. Оның халқы құлдықта қояды. Бірақ Құдай филистимляндар кек алу үшін Самсонға тағы бір рет қайрат берді. Ол былай болды. Филистимляндар үлкен ғибадатханада Самсонды жеңген тойын тойлап жатқан болатын. Олар Самсонды мазақ етпек болып, оны зынданнан алдырды. Су қараңғы соқыр Самсон өздігінен жүре алмайтын болған соң, оны бір бала жетектеп әкелді. Ол баладан Самсон үйді ұстап тұратын тіреуішті алып, “Баршы, мен соған сүйеніп тұрайын”- деді. Самсонның мүсәпір түрін көрген филистимляндар шаттана қуанып, ғибадатхананы бастарына көтерді. Олардың бұл қуанышын естіген Самсон Құдайына зар жылады: “Уа, Тәңір, мені де есіңе алып, менің бұрынғы күшімді ең болмаса бір рет берші?” –деді.

Сол –ақ екен, о, ғажап, оған бірден баяғы күші оралды. Ол өзін бұрынғы Самсондай сезінді. Ол жұлқына барып ғибадатхананың төбесін ұстап тұрған екі тіреуішті өзіне қарай сілкіп қалғанда, тіреуштер шорт сынып, ғибадатхананың төбесі Самсон мен филистимляндардың үстіне гүрс құлады. Самсон осылай қаза тапты, өзімен бірге жауларын да ала кетті. Оның ерлігі Израиль еліне бостандық әкелді. Бірінші бөлімнің алдында үш бөлімді увертюра.

Бірінші бөлім

Драманың басталуы. Екі қарама-қарсы лагердің өшпенділігі. Самсонға мінездеме.



Екінші бөлім. Жаңа кейіпкерлер: Далида, жауынгер Харафа. Аралығындағы шиленіс. Үшінші бөлім.

Драманың шешілуі. Дагон Құдайға арналған мейрам. Ғибадатхананын қирауы және Самсонның қазасы.

Салтанатты қортынды: “И свет явился вдруг”. Израильдіктердің хоры сабырлы да сазды, үйлесімді, ерлікке толы, айбынды ұлылықтан тұрады. Ария Самсон “Вечная ночь”. Хор “Дай слепому герою силу”. Харефа –комедиялық бейне. Марштық ритм.

Далиданың музыкасы –көркем де әсем.



Тақырыптың аты: ЙОЗЕФ ГАЙДН.

Сабақ мақсаты: шығармашылық стилін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Гайднның балалық және оқу жылдарын айтып шық.

  2. Гайднның жұмыс істеп, өмір сүрген қалаларын айтып шық.

  3. Эйзенштад қаласында қандай шығармаларын жазды.

  4. Қай қалаларға Гайдн өз концертымен баруға мүмкүншілігі тиді.

  5. Өмірінің соңғы кезеңдерінде композитордың жазған шығармаларын атап бер.

  6. Гайдн оркестірінің құрамы.

  7. Вариация дегеніміз не?

  8. Негізгі мен жалғас партия, өңдеу, реприза, финал дегеніміз не?

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Венаның классикалық мектебі өкілдерінің бірі, аспаптық музыкадағы классикалық стильдың негізін салушы. Өзінің алғашқы квартеттерін 18-ғ-дың 50 жылдарында, алғашқы симфонияларын 50-60 жылдары жазса, 90 жылдары бұл жанрларды шыңына жеткізеді. Композитор өз творчествосында көп ұлтты Австрияның музыкалық фольклорын емін-еркін пайдаланды. “Жыл мезгілдері” ораториясында шаруа еңбегін мадақтап, табиғат көріністерін шебер суреттейді

Австрия Рорау ауылында тұған Гайдннің жанұясы өнерге өте жақын болатын. Бала кезінде ол шіркеу хорында Гайнбург қаласында, сосын киелі Стефан соборында-ғы кафедрада хоровой капеллаға қатысты.

1761 жыл бай венгер князі Эстергазі Йозіфті капеллаға жетекшілікке Эйзенштад қаласынна шақырыды, онда ол 30 жыл жетекшілік қызмет атқара отырып, оркестірді басқарды, және ол көптеген симфония, опера, квартеттер жазды (“Медведь”, “Детская”,” Школьный учитель”.)

1786 жылы оның аты бүкіл Англияға, Францияға, Россияға әйгелі болды, осы жылдары алты симфония жазды, бірақта княздің келсімінсіз он жарыққа шығаралмады. 1791 жылы Гайдн 60-қа толды, сол уақытта князь Эстергази қайтыс болды, Эстергазінің баласы, капелланы тарқатып жіберді.

Ақырында өзінің концертімен Англия баруға мүмкүншілік тиді. Бірінші рет ол теңізді көрді. Осы жылдары ол- 12 симфония жазды- “Лондондық симфониясы”, екі оратория-“Сотворение мира”, “Времена года” және ол Бетховенмен танысты. Өзінің соңғы жылдарын Венаның жанында өткізді.

1809 жылы Гайдн қайтыс болып, Вена қаласында жерленді.

Ми бемоль мажорлық симфония.

Литаврда, тремоламен ойналатын симфония деп атаған. Бұл “12 Лондондық симфониялардың” ішіндегі ең бір көрнекті симфониясы. Ол төрт бөлімнен тұрады. Негізгі тақырып неміс, хорват әуеніне жазылған.



1 бөлімі. Ақырын жүретін кіріспе әуенмен (тремоламен литаврмен аспабында ойнаумен басталады.) Тақырыбы басыңқы құпия дауыспен жүреді де, соңынан көңілді партиясының тақырыбы мерекеге жеткізеді. Ал көмекші партия өзінің билік характерімен негізгі партиядан кенет шығып өзгеріп кетеді де, си бемоль мажорға ауысып, өзінің жеңіл сәнді әүенімен қалады.

2 бөлім. Анданте (ақырын), вальстық аккомпониментіндей қозғалыспен жүреді. Бұл бөлім, негізгі көмекші тақырыпқа вариация жасайды. Вариация -басты негізгі теманың, бірнеше рет өзгеріп қайталануы.

3 бөлім. Менуэт, билік характерде көңілді жылдам жүреді.

4 бөлім. Финал, тез, жеңіл билік әуенмен жүреді. Симфонияның барлық төрт бөлімі ақ жарқын көңілді шаттықпен бітеді.

Гайдн оркестірінің құрамы.

Оркестірдің құрамына аспаптың төрт түрі кіреді.



  1. Ішекті аспаптар тобы. Негізгі әуенді ойнайды, олар: скрипка, альт, виолончель, контрабас.

  2. Ағаштан жасалған аспаптар тобы, олар: флейта, гобой, кларнет, фагот.

  3. Үрлеп ойнайтын жез аспаптар тобы: валторна, труба.

  4. Соғып ойнайтын тобы: литавра

Симфония –ол циклдық шығарма. Циклдық шығарма әр түрлі көңіл-күйді көрсете алады, “симфония”-дегеніміз үйлесу сәйкес келу, 18 ғасырдан бастап симфония өз алдына дербес концерттік шығармаға айналды үні өте кең, масштабы жоғары, үлкен аудиторияға арналған.

Соната ми минор.

Гайднның сонатасы симфония сияқты көп бөлімді шығармаға жатады. Жалпы Гайдн шығармаларының, ішінде сонатасы да классикалық ерекшелік толығымен бекітеледі. Сонатаның 1-ші бөлімі “симфониядағы” сияқты сонаталық түрінде. 2-ші бөлімі жәй ақырын, 3-ші бөлімі финал қайтадан тез, шапшаң қалыппен ойналады. Әр бір бөлімі бір-бірімен байланысты жүреді.1-3-ші бөлімдер ұқсас, жылдам темппен, бастапқы тональдықта қалады. Жалпы сонаталары 3-бөлімді болып келеді.

Гайдынның ми минор сонатасы белгілі көркем музыкалық характердегі шығарма.

1 бөлім. Престо (өте шапшаң). Сонаталық аллегро формасында жазылған. Екі тақырып бірі-бірімен байланысты тақырыбын кеңейтіп, мазмұнын көркемдейді.

Экспозициядағы тақырыптар байланысы мынандай: негізгі партия мен жалғас партиясы- ми минор тональдықта жүреді. Екі тақырыптың арасында жалғастырушы партия параллель мажор соль мажорда жүреді, негізгі музыкалық фразаның қайта-қайта қайталануы 1-ші бөлімнің аяқталуын байқайтын “қортындылау” партиясын жеткізіп, сонатаның экспозициясың аяқтайды.



Өңдеу- тақырыбында экспозициядағы тақырыптар өңдеу бір неше тональдыққа ауысып, регистірлері динамикалық күштері өзгеріп қайшылыққа түседі.

Реприза-экспозициядағы тақырыптар тағы өзгеріп, қайталанып, бастапқы тональдыққа қалады.

2 бөлім. Анданте. Ақырын орынықты жүреді. Алдағы ашық күн, жақсылыққа сену, ой-арман сүреттеледі. Тональдығы соль мажорға ауысады. Анданте музыкалық байланысы жоқ.

3 бөлім. Финал. Музыкасы шапшаң ұшқыр, өткір ритімде, билік характерде жүреді. Финалдың музыкалық құрамы, рондоға ұқсас негізгі тақырып үш рет қайталанады.

Тақырыптың аты: ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ

Сабақ мақсаты: симфонияларының мәнін ашу. Стиліне анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Австрия елінің композиторы Моцарт қандай шығармашылықтың авторы?

  2. Моцарттың балалық өмірі, бірінші концерттік саяхаты.

  3. Композитордың бастапқы жазған шығармалары қандай?

  4. Моцарттың Зальцбургтегі қызметтері қандай болды.

  5. Моцарттың Венадағы өмір жолдарымен еңбек жолдары, және ең соңғы шығармасының аты не?

  6. “Свадьба Фигаро” қай жылдары жазылды?

  7. Оның негізі, қай шығармадан (көркем әдебиет) алып жазылған?

  8. Операға арналған увертюралардың (кіріспе) құрылысын айтып шық.

  9. Увертюра дегеніміз не?

  10. Рондо дегеніміз не?

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Моцарт-Австрия елінің композиторы. Барлығы 35 жыл өмір сүрді.

Көптеген шығармалардың авторы: 50 симфония, 19 опера, сонаталары, квартет-квинтеттер. “Реквием”- ( көп бөлімді, қайғылы, уакиғаға байланысты жазылған, хорға арналған шіркеуде хормен орындалады). Ен соңғы күндеріндегі опералары: “Свадьба Фигаро”, “Дон Жуан”, “Волшебная флейта”.

Моцарт 1756 жылы ескі қалашық Зальцбургте туған. Әкесі музыкаға жақын адам, баласының талантын ерте байқаған ол, бірден музыкаға баулый бастайды. Үш жасынан бастап клавесинде ойнайды, төрт жасынан аса, аспапқа концерт жазады. Алты жасында әкесімен екеуі ел аралап концертер береді- Мюнхен, Вена, Париж, Лондон Европа елдеріне келеді. Ал қайтар жолдарында Амстердам, Гаагра, Женева осы сияқты үлкен қалаларда болады. Концерттері алты сағат болатын, баласының үлкен жетістігіне қарамастан әкесі жалықпай ойната берген. Кішкентай виртуоз композитор Моцарт бүкіл Европа елдерін сілкіндіреді.

1766 ж. Моцарттың жан ұясы Зальцбургке қайтып оралады. Көптен күткен демалысы ұзаққа бармайды.

1769-71 ж. Италияда үш жыл әкелі балалы Моцарттар бүкіл Италия қалалары Рим, Милан, Неаполь, Венеция, Флоренцияда болады. Жарты жылда опера жазды. Өзінің күшті еске сақтау қасиетімен қатар, есту қаблеті Италияны таң қалдырады.

Моцарт қайтадан өз еліне келеді. Бірақ туған елі оны дұрыс қарсы алмайды. Моцарт жаңа шығармашылық жолға түседі, ол үшін 22 жасында Парижге келеді.Осы қалада өзінің 5-ші сонатасын жазады. Бұл кезде Мюнхенде Моцарттың операсының қойылымы өтіп жатқан. Енді Моцарт Венаға кетеді.

1781 ж. Моцарт Венаға келіп, өмірінің ақырына дейін осында тұрады. Бұл жылдарды “еңбек шыңы” деп айтуға болады.

1788 ж. Үш үлкен симфониясын жазады. Осы жылдарда Гайднмен танысады.

Ең соңғы шығармасы “Реквием”.

Моцарт 1791 жылда қайтыс болады, кедейлер зиратына жерленеді.

Соната ля мажор.

1779 ж. Парижде жазылған. Барлығы үш бөлімнен тұрады.Үш бөлімі де ақ жарқын, көңілді күйде жүреді.



1 бөлім “Вариацылық түрінде” жазылған. Вариациялық түрінде, сонаталық аллегродан айырмашылығы, мұнда бір ғана тақырып өңделеді.

Сонатаның бірінші бөлімі әуенді, билік сыйпатында жүреді. Өлшемі 6/8, бұл өлшем, әуенге бір қалып өлшем береді. Негізгі тақырыптан кейін бейнелеуі жағынан әр түрлі алты вариациялық тақырыпта өтеді.

Үш вариация минорға ауысып, жәй екпінде жүрсе 5-ші, 6-шы вариация екпіні өзгеріп шапшаң характерге ауысады. Соңы бір қалыпта, барлық вариациялар бір тональдықта, ля мажор бір түрінде аяқталады.

2-ші бөлім “Менуэт” шығармаларында Моцарт та Гайдн сияқты ашық, жарқын халық билерін қолданған. Менуэттің орта бөлімі “трио”, жеңіл әуенмен өрнектеледі, сонынан бастапқы музыкадағы әуенге қайта ауысады.

3-ші бөлім “Финал”. Кейбір жазылымдары, түрктің әүеніне ұқсас болғандықтан сонатоның финалы “Түрктік марш”- деп аталады. Финалда қайырмасы бар, үш бөлімнен тұрады. Қайырма әуені “рондоға” ұқсас. Рондальды түрі-алғашқы тарау-рефреннің аралық (негізгі бөлімі) –эпизодтармен алмасып келіп, бірнеше рет жүйелі қайталануында. Мерекелі, көңілді, билік әуен, арпеджиолық өрнекпен, барабанның соғысы көрсетіледі.

Соңынан тағы фа минорға әуеннің ауысуы, ортанғы бөлімді финалға жақындатады. Финал негізгі тақырыпты қайырмамен жалғастырып, кодамен аяқтайды.



Кода- шығарманың соңында негізгі құрылымға қосылған қосымша бөлім. Кодада қорытынды, материалдың жаңа жасалымы, басты тақырыптардың жаңаша өтілуі бола алады.

Симфония соль минор №40

1788-ші жылы Венада жазылған, ең соңғы үш симфонияның ішіндегі ең көрнектісі. Симфония төрт бөлімнен тұрады.



1 бөлім “Сонаталық аллегро” түрінде жазылған. Негізгі партия, басталғаннан-ақ қайғылы, мазасыздау болып естіледі. Осы тақырып, өзінің көңіл күйімен, адамның сөзін айтып тұрғандай әсер етеді. Негізгі әуені –скрипка аспабына берілген.

Жалғастырушы тақырып (связующая т.), өз әуеніне жалғас тақырыпқа (побочная т.)

ауыстырып, негізгі теманың әуенін жаңа мелодиялық өрнекпен дамытады.

Бұл тақырып, соль минордан си бемоль мажорға ауысып, соңынан экспозиция қорытындылау (заключительный) тақырыбымен аяқталады. Өңдеу (разработка) тақырыбында, негізгі партия- өңделеді.

Тональностер өзгеріп, ашық си бемоль мажордан алыс фа диез минорға ауысып, бірден әуен (сазды кешкі бояуды көрсетеді), кешкілік қараңғылықты көрсетеді репризаға көшеді. Оркестр дауысы азайып, ашық, жоғары дауыста үрлеп ойналатын ағаш аспаптары негізгі тақырыптың әуенін әуеннің тональдық соль минорына жалғастыра бітеді.



2 бөлім “Анданте”- асықпай, дауылды әуеннен соң, тыныштық әуені жалғасып, 2-ші бөлімінде тақырыптар арасындағы байланыстар өзгереді. Барлық оркестр әуендері, бастапқы көңілсіз, сазды дауысты ауыстырады.

3 бөлім “Финал”- симфонияның барлық бөлімдерінің қортындысы секілді. Барлық тақырыптар шарықтап келіп, үлкен қайшылықпен тұрақтылыққа көтеріледі.

« Фигароның үйлену тойы» операсы.

1786 жылы, француз жазушысы Бомаршенің “Фигароның үйленуі” комедиясына арналып жазылған.

Граф Альмавиваның үйінде, екі қызметшісі: Фигаро мен Сюзаннаның тойына дайындық жүріп жатады. Бірақ Сюзананы графтың өзі қулықтарымен тойды кейінге қалдыруға тырысады. Ақылды, тапқыр Фигаро барлық қиыншылықтарды жеңеді. Оған өзінің қожасын күлкілі жағдайға қалдыруына тура келеді. Осындай мазасыз күндер, көңілді тоймен аяқталады.

Операның либреттасын (сөздік) италияндық Лоренцо да Понте жазған.

Опера увертюрадан басталады. Увертюра деген сөз- француз сөз, “кіріспе”, “ашу” деген мағнаны білдіреді. Ол өзі жеке музыка, сахналық шығармалардың алдында орындалып ашып береді де, ары қарай операның басқа көріністерінде ойналмайды.



Увертюра- сонаталық түрінде, бірақ өңделмей (без разработки) жүреді.

Негізгі партияны өтіп, ре мажорда, ұшқыр кіріспе тақырыппен, көңілді, жігерлі, бір жерде қозғалыссыз отыра алматын- мазасыз Фигароның бейнесін оркестр музыкамен жалгастырады.Ашық жарқын, қуанышты музыкамен әрбір жағдайға байланысты, операның басты кейіпкері Сюзаннаның құлықпен келеке етіп жүрген сәтін дәл беретін мелодияны скрипка аспабы ойнайды.

Жалпы, мерекелік көрініс музыкасы өңдеуде де (разработка) қайталауда да барлық тақырыппен бірігіп, негізгі тональдықта, увертюра музыкасы біткенше сақталады.

“Свадьба Фигароның”- операсындағы увертюрасы ең сәтті жазылған шығарма.

Жеке концерттік шығарма ретінде де орындалады.

Фантазия, вариация, рондо клавирге арналған



Тақырыптың аты: ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН.

Сабақ мақсаты: өмір жолы мен шығармашылығын байланыстыра отырып мәнін ашу. Стилін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Людвиг- аты, Бетховен –фамилиясы, Ван –арғы ұрпағы голландықтар екенін көрсетеді.

Немісінің атақты- ұлы композиторы Л.В. Бетховеннің туғанына 200 жылдан артақ уақыт өтті. 19 ғасырдың басы, Бетховендік ақыл-ойдың күшті гулдену кезеңімен сәйкес келді. Оның еңбек жолы классика және романтикамен бірдей қалыптасқан. Оның 19 жасына 1789 жылдағы Францияда болған революциялық халық көтерілісі сәйкес келді. Бұл революцияның идеясы композиторға жаңа мақсат жүктеді. Ол өзінің көптеген шығармашылық тақырыбын бостандық,туысқандық, тендікті жасаушы халық және олардың батыр, күрескер «көсемі» деп, озбырлыққа қарсы күрес жолына арнады. Ол 1770 ж. неміс қалашығы Боннда дүниеге келді. Әке жағынан музыканттар болған: атасы скрипкада ойнайтын және дирижер болған, әкесі әнші-тенор. Людвигтің музыкалық дарыны ерте белгі болған. Әкесі одан екінші Моцарт жасағысы келеді, музыкадан сабақ беріп тәрбиелеуші өзінің әкесі болады, бірақ ол өте қатыгез тәжрибесі аз еді. Моцарттың елге тараған даңқы, әкесіне маза бермеді. Баланы жастайынан 7,8 сағат жаттығумен отырғызып қоятын болды. Сегіз жасында, бірінші рет Кёлнде және тағы басқа калаларда бірінші рет концерт береді.

Он екі жасынан, жұмыс іздеуге мәжбүр болады, капеллаға органист болып орналасады.

1782 жылда Кристиан Нефемен танысқан кезі еді . Ол сол кездегі көрнекті музыка мұғалім еді. Бетховенді атақты композитордың еңбектерімен таныстырады .

1787 ж. Моцартпен, 1789 ж. Гайднмен кездеседі. Осы кезде анасы қайтыс болады.

Бетховен 1792 жылы 22 жасында Европаның атақты қаласы Венаға келеді.

Вена “музыкалық орталық” болған. Мұнда ол, өзінің өнерімен Гайдн, Моцарт дәрежесінде танылады.

Өмірдің қиыншылығы 28 жасында есту қабылетінен айырылғанда болды. Көптеген емделу жолдары сәтсіз аяқталады. Гайдннан композициядан сабақ алады. Бұл іскерлігі оның жаңа музыка, жаңа ойы, бар тындауышыларды таң қолдырған еді .

Атап айтқанда №8 “Патетикалық” және №14 “Лунная” сонаталары, №3 “Героическая симфониясы”.

1802ж. Бетховен еңбектерінде, аздаған сәтсіздеу кезең болды. Ал соңғы 10-даған жылдарында Бетховен даңқы асқан, танымал болды. 8симфонияларын, “Эгмонт” операсы, “Аппасионата”№23, “Крейцерова соната”, Гетенің өлеңдеріне әндер, т.б шығармалар жазады.

Өзі сүйген графиня Тереза Бруновин-оның әйелі бола алмады.

1824 ж. “Торжественная месса”- салтанатты Ре мажор тональдықта, хорға арналған шығармасын, соңынан №9 симфониясын жазады.

Өмірінің соңғы жылдарында бауыр аурымен аурады. Ауруға ешқандай ем болмай 1827 жылда өмірдің қайтады. Соңғы қоштасу сапарына 20000 адам қатысады.

Бетховеннің музыкасы, жер шарын аралап, халық жүрегінде мәңгіге қалды.

Патетикалық соната” №8

1798 жылы жазылған алғашқы үлкен патетикалық сонатасын жазды. “Патетикалық” (грек сөзі –пафос) көтеріңкі, шалқыма көңіл, деген мағнаны білдіреді. Көтеріңкі характері, үш бөлімде болса да, әр бөлімде, әр түрлі көрсетіледі. Бұл соната, тыңдаушыларға ерекше “батыл-шығарма” ретінде көңілде қалады. Соната үш бөлімнен тұрады.

1 бөлім.Сонаталық аллегросы. Тез екпінмен сонаталық аллегросы түрінде жүреді, фортепианоға арнап жазылған шығарма. Екпінді музыканың алдында “ақырын” кіріспе тақырыбы өтеді. Соңынан, ауыр аккордпен шаттық музыка жалғасады.

Сонаталық форма аллегросында шығарманың музыкалық өрістеуі, дамуы Гайдн мен Моцартқа қарағанда, өзіндік терең ұғымы бар, өзіндік жаңалығы бар.

Төменгі регистрден, жоғары қарай дыбыс ағыны, біртіндеп көтеріледі де, негізгі тональдығы до минорда өрістейді. Бұған, салмақты аккордтың негізінде сазды, сүйкімді жалынышты әуенмен 2-ші тақырып жауап беріп тұрғандай болады.

Бұл екі тақырыптың әр түрлі болып мазмұны дамығанымен, мелодиялық құрамы, бірінен-бірі өте жақын, тіпті бірдей.

Қайтадан ұшқын сонаталық аллегро басталады. Негізгі тақырып теңіз толқынының қозғалысын береді. Жалғастырушы тақырып, ақырындап біртіндей негізгі теманы басып, әуенді қосымша темаға әкеледі. Соңында барлық тақырыпты қортындап, негізгі тема күшті, ағынды екпінмен бітеді. Арығарай шарықтап барып жаңа күшпен қортындылау тақырыбы ми бемоль мажорға көшеді, біртіндеп, ақырындап күшейді, жоғарғы шегіне жетіп (кульминация) 1-ші бөлім экспозицияны бекітеді. Бірақ, тұрақсыз аккордпен біткен экспозициясы мен өңдеу бөлімінде, қайтадан кіріспе темасы жауапсыз қалып лирикалық 2-ші темаға жалғасады.

Екінші тақырыпта “өңдеу” –қайшылықта екі қарама қарсы ұшқыр тақырыппен және лирикалық кіріспе тақырыптың арасында өрістейді. Бұл, күшті мен әлсіздің күресі үлкен дауылға ұласып, соңынан біртіндеп алыстап төменгі регистрде аяқталады.

3-ші тақырып “Реприза”. Мұнда, экспозициядағы барлық тақырыптар до минорда қайталанады. Өзгеріс, жалғастырушы тақырыбында ғана болады. Бітер кезде, қайтадан “кіріспе”-тақырыбы өтеді. Соңынан негізгі тема тез, ұшқыр екпінмен, ерік күш жігер жеңеді деп қортындылайды.

2 бөлім. Адажио кантабиле ( ақырын,әуендете), ля бемоль мажорда жүреді.

3 бөлім. Финал , Аллегро. Ұшқыр, 1-ші бөлімге ұқсас до минорда жүреді. Финал, рондо-соната түрінде жазған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет