Ал енді ән салайық!
Тапсырмалар
1. Өлеңге ат беріңіздер.
Өлеңнің авторы мен композиторын атаңыздар.
Өлеңнің мазмұнын коммуникативтік мақсатпен неміс тілді досыңызға аударып беріңіз.
Сіздің неміс тілді досыңыз өлеңді қалай түсінді:
А) Бұл өлеңде туып өскен отанымен қоштасу туралы айтылады;
Ә) Құстар туралы;
Б) Алыс жаққа тұрмысқа берілетін қыз туралы;
В) Өмірдің жақсы бір сәттерімен қоштасу туралы;
Г) Жастық шақпен қоштасу туралы.
5. Сіздің неміс тілді досыңыз өлеңге қандай ат берер еді!
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Құстар құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады.
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,
Тамаша әнмен келіп еді көктемде.
Өскен жерге сыймай кетіп барады,
Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады.
Достарыңызбен бөлісу: |