СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК | 042-14-3-04-15/03-2013 | ПОӘК «Химиялық-технологиялық өндірістің экономикасы және басқару жүйелері» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар | № 1 баспасы _____________ |
«ХИМИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
мамандығы 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» студенттеріне арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.
Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.
Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.
Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.
Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.
Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.
Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.
Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.
Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.
Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.
Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)
Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.
Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.
Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.
Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.
Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.
Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.
Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме.
Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады.
Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы.
Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады.
Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.
Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.
Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы.
Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.
Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.
Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.
Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.
Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.
Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.
Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі.
Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.
Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.
Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.
Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.
Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.
Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.
Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |