Қазақстан республикасының білім және ғылым


Тақырып 8. Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау



бет29/55
Дата19.07.2020
өлшемі355,05 Kb.
#74409
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Тақырып 8. Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау

Дәріс жоспары:

  1. Өнім сапасы түсінігі

  2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

  3. Өнім сапасын бақылау және басқару



Дәріс.

1. Өнім сапасы түсінігі

Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.

Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.

Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.

Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.

Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.

Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:


  1. Экономикалық

1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.

1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.

1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.

1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.

1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.

1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.

1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.

1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.



2.Әлеуметтік

2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.

2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.

2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.

2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.

2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.

2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.

2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.

3. Экологиялық

3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.

3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.

3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.

3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет