Тақырып 9. Химиялық өндірістегі еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Дәріс жоспары:
1. Еңбекті төлеу жүйелері және формалары
2. Еңбекті нормалау әдістері
3. Уақыт шығындарын зерттеу әдістері
Еңбек ақының экономикалық мағынасы
Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.
Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.
Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.
Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.
Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.
Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет.
Еңбекті төлеудә ұйымдастыру келісіні көздейді:
кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;
кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;
қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;
жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.
Еңбекті төлеу қағидалары:
шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;
өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы;
қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы;
еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы.
Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |