Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет37/79
Дата22.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#140355
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

графикалық құралдар да
жеткізе алады. 
Мәтіннің графикалық-бейнелі түрде ресімделуі поэзияда көптен бері 
және жиі қолданылады. В. Кухаренко «Интерпретация текста» [61] кітабында 
А. Вознесенскийдің «Чайка – плавки бога» метафоралық қолданысы 
визуалды образға негіз болғанын айта келіп, ХХ ғасырдағы орыс 
поэзиясынан Л. Мартыновтың, С. Кирсановтың өрнекті өлеңдерін, В. 
Маяковскийдің «баспалдақтарын» мысалға алады. Сондай-ақ поэтикалық 
текстерге филологиялық талдау жасаған Ю.В. Казарин де графикалық-
ақпаратты өлеңдердің семантикасы сол сыртқы форма мен графикаға 
негізделетінін көрсетеді [62].
Қазақ көркем әдебиетінің өкілдері де өздері мәтінге салатын ақпарды 
көрсету, мәтін модальділігін түзу, ассоциациялар тудыру үшін графикалық 
құралдарды тиімді қолданатыны байқалады. Мәселен, Қ. Мырза Әлидің 
«Төсін мұз, етегін көк әдіптеген» өлеңіне назар аударалық. 
Өлеңнің алғашқы шумағындағы «Тарихтың асқар тауы даңқ деген» 
сентенциясындағы ойды соңғы екі жолмен берілген сентенция жинақтап 
қорытып, жалпыға ортақ қорытынды жасап тұр. Мұнда оқырман назарын 
бірден аударатын ерекшелік – алғашқы сентенцияда даңқ сөзі тіл нормасына 
сәйкес кіші әріппен жазылса, екінші 
« Шыққанға, шықпағанға бірдей қиын 
Тарихтың асқар тауы Даңқ деген...»
сентенциясында бас әріппен жазылған, яғни автор осы графикалық 
ерекшелік пен өлең соңындағы көп нүктені мазмұндық-астарлы ақпарды 
беру үшін қолданады. Демек, өлеңде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет