41
жан толқыныстарының сан алуанын беруде тыныс белгілерін өте сәтті
қолданатын ақындардың бірі – Гүлнәр Салықбай.
Қазіргі қазақ ақын қыздарының бірі де бірегейі Гүлнәр Салықбай екені
және оның өлеңдері мазмұны, түрі, графикалық ресімделуі тұрғысынан
жаңашыл болып келетіні оқырман тарапынан да, әдебиеттанушы ғалымдар
тарапынан да әрқашан атап айтылып жүргені белгілі. Өз өлеңдерінің
семантикасын ашу үшін Гүлнәр түрлі позициядағы көп нүкте, сұрау белгісі
сияқты паралингвистикалық құралдарды қабаттастыра қолданады. Ақынның
мына бір өлеңіндегі графикалық ерекшелік оқырманына түрлі ақпар
жеткізудің өте сәтті, ұтымды жолы деуге болады:
Түн келеді сілекейі шұбырып,
Көзі көрсеқызарланып, құбылып.
Айды алыста көзін жұмған Күн дерсің,
Күбірлейді өзіне өзі жылынып.
Түн сыртында түнереді бір ақын,
Сол ақынға серік болу – мұратым.
Күліп-күліп Күн ұйқыға кеткенде
Күлліәлемдік күрсіністен тұратын.
Мал түгендеп, көз іледі қой аулым,
Қой ауылда құлпырады бояу мың.
Күзетші ояу, отырса да ұйқыда,
Мен түс көріп жатсам-дағы, ояумын.
Ел ұйқыда. Мен ертеңге сырғыдым,
Шашы ұзын ұйқылы-ояу құрбының.
Ит-құсты емес,бірен-саран ояулар
Қалт жібермей аңдиды кеп бір-бірін.
Орта көңіл толмай қойды бүгін де,
?????????????????????????????????
...........................................................
Сені, Мені түн жұтады түбінде.
Бұл өлеңнің әр сөзі, әр тармағы ақпаратты, ассоциативті. Өлең
шумақтарындағы кейіптеу
Достарыңызбен бөлісу: