Қазақстан республикасының білім жәНЕ


прогрессиясы және стагнациясы



Pdf көрінісі
бет46/79
Дата22.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#140355
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

прогрессиясы және стагнациясы
деп те атайды [66; 11]. 
Бөлшектенушілік санаты
Көркем мәтіннің тағы бір санаты – 
бөлшектенушілік.
Бұл санат әрі 
коммуникативтік, әрі прагматикалық ниеттен туындайды, сондықтан екі 
жақты, яғни автор өзі баяндап, суреттеп отырған оқиға, құбылыстың 
жекелеген қырларына назар аудартып, олардың өзара байланыстарын 
көрсетуді және оқырманның сол алған ақпарды түсіну, интерпретациялауына
жеңілдік 
жасауды 
көздейді. 
Мәтіннің 
құрылымдық-семантикалық
бөлшектенуі оның көлемі мен мазмұндық-нақты ақпарға байланысты 
болады, өйткені оқырманның ақпарды қабылдауы шығарманың тұтастығын 
қамтамасыз ететін континуум, ретроспекция, мәтіннің белгілі бір бөліктерін 
актуалдандыру сияқты санаттармен тығыз бірлікте ғана жүзеге асады. Сол 
себептен де И.Р. Гальперин мәтінді бөлшектеудің екі түрін көрсетеді. 
Біріншісін ол мәтіннің көлемі мен оқырманның жады, назары еске 
алынатындықтан көлемдік-прагматикалық деп атайды. Бұл бөлшектеу тұтас 
шығарманың ең үлкен бөліктерінен бастап ең кіші бөліктеріне дейін
қамтиды. Бұнымен тығыз байланысты екіншісін зерттеуші контекстік-
вариативтік бөлшектеу деп атап, оны құрайтын сөйлеу актілерінің қатарына 
«1) автор сөзі: а) баяндау, б) табиғатты, кейіпкерлердің сыртқы келбетін, 
жай-күйді, жағдайды, оқиға орнын және басқаларды суреттеу, в) автордың 
пайымдауы; 2) бөгде сөз: а) диалог (авторлық ремаркалармен қоса), б) 
цитация; 3) қосүнді сөз» сияқтыларды жатқызады да, былай деп атап 
көрсетеді: «Бөлшектеудің екі түрі бір-бірімен өзара шарттас және имплицитті 
түрде мазмұндық-концептуалды ақпарды ашады» [17:52]. Аталған мәтін 
бөлшектеуді ұштастыратын алғысөз, кіріспе, қорытынды секілді жекелеген 
мәтін бөліктері кейбір көркем мәтіндерде ғана, яғни факультативті түрде 
кездеседі.
Ресейлік лингвист-ғалымдар Л.Г. Бабенко мен Ю.В. Казарин, негізінен, 
осы бөлшектеу түрлерімен келісе отырып, мәтін құрамындағы күрделі 
синтаксистік бірліктерді (тұтастықтарды) құрылымдық-мағыналық 
бөлшектеу тұрғысынан жеке қарастыруды ұсынады және контекстік-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


49 
вариативтік бөліктердің қатарына полилог, монолог, ішкі монолог, ішкі 
диалогтерді кіргізуді ұсынады.
Қалай дегенде де, мәтін бөлшектеуінің кез келген түрі оның тұтастығын 
толық қабылдауға, игеруге, шығармадағы ақпар түрлерін барабар түсінуге 
мүмкіндік жасайды. 
Сонымен жоғарыда талданған шығармалардан байқалғандай, көркем 
мәтіннің 
барлық 
санаттары 
бір-бірімен 
ажырағысыз 
байланыста 
болғандықтан, тек өзара әрекеттесуі тұрғысынан, біртұтас бірлікті, жүйені 
құраушы ретінде ғана қарастырыла алады. Бұдан шығатын қорытынды – 
мәтіндегі барлық ақпарды біртіндеп бір басты тақырыптың төңірегіне 
жинақтап, сол ақпарды әр қырынан толық қабылдау, түсіну үдерісі мәтіннің 
тағы бір маңызды санатын – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет