ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Химия және Химиялық технология кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы: ХХ-ХХI ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және оның қазақстандық жастарға тигізетін әсері. Қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің ұлттық кодты сақтаудағы орны
Оқытушы:Кудайбергенов сергазы ержепулы Студент:Шегір абылайхан ардақұлы
Алматы, 2022 ж.
Бүгінгі күні Батыстан келген субмәдениеттер дүниежүзіне тараған. Аталған топтарға әсіресе, жасөспірімдер, студенттер қатарының қызығушылығы басым.
Мұндай мәдениеттің көріністері Қазақстан жастарының арасында да кездеседі. Бірақ алдымен «субмәдениет» сөзінің мағынасын ашып көрейік.
Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.
Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur– мәдениет» деген ұғымнан шыққанын түсіндіреді. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз. Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады. АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін <<ерекше адамдармыз>> деп қоғамнан оқшауланғанды қалайды. Олардың өміріндегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады. Жасстар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.
Субмәдениеттің:
1. Музыкалық субмәдениет : белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ ;
2. Арт – субмәдениет : әннен басқа өнер түріне, анимадил,жалпы хобби турасында қауымдасқан топ .
3. Интернет – субмәдениет : интернет қауымдастығы, жалпы виртуалды кеңістікке ортақ тіл табысқандар.
4. Индустриялды және спорттық субмәдениет : қалалану процесіне байланысты және фудбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.
«Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша тарихына тоқталсақ.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салтдәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай. Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды.
ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер болады.
ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған хиппи субмәдениеті – жастар арасында пайда болған субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға, қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи субмәдениетінің негізгі идеологиясы «Иса пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу болды. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері үнемі шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды Күнделікті қоғам өмірінен, әлеуметтік қалыпты құбылыстардан түңілген, саяси оқиғаларға наразы, «болашақ жоқ» деген көзқарасты ұстанушы адамдардан құралған, анархистер – панк субмәдениеті.
Спорт әлеміндегі субмәдениет өкілдерін де атап өтуге болады. Еркіндікті қалайтын топ экстремалдылар деп аталады. Экстремалды спорт түрімен шұғылданатын топтар. ХХ ғ. 50-жылдары пайда болған: скейтбординг, сноубординг, парашютпен ұшу, құзға шығу спорты және т.б. спорт түрлерімен шұғылданғаннан ләззат алатын топ өкілдері [8].
Паркур – бұл экстремалды трюктардан тұратын спорт түрі, субмәдениет түріне жатады. Бірақ паркуршылардың өздері бұл мәдениетті спорттан гөрі ұстаным деп түсінеді. Астарында терең философия бар деп есептейді. Паркур – француз тіліндегі ат спорты деген тіркеске ұқсас «кедергілерге төтеп беру» деген ұғымды білдіреді. Паркур мәдениетінің қалыптастырушысы француздық Давид Белль