ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖІНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРІЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ № 1
Тақырыбы: «Ойлаудың философиялық түрі – сын және күмәндау ретінде»
Орындағын: ТОП 20-14 студенті Нурдаулет Өркен
Тексерген: Бижанова М.А
Алматы 2021
Адам баласы үшін әуел бастан қоршаған ортасын танып білу қай заманда болмасын, қызықтырып келеді. Біздер үшін өз ортамызды танып білу үшін, тек сезіну, көру қабілеттері жетпейді. Заттар мен құбылыстарды біз ойлау арқылы өзара байланыстырып, таным түйсігімізді кеңейтеміз.Адам баласы әр кезең сайын ойлау қабілетін дамытып, жаңа дүниелерді зерттеп беймәлім құбылыстардың сырын ашты. Ойлау қабілеті адам мен қоршаған ортадағы құбылыстар мен беймәлім сырлардың логикалық тұрғыдағы диалекті бірлікті білідіреді. Адам санасы мен шындықты байланыстырып бемәлім құбылыстардың сырын ашу өте күрделі процесс және сондай процестер адам баласының таным-түсінігін кеңейтіп ойлау қабілетін туындатады.Адамдар арасында ойлау қабілеті күнделікті тұрмыс тіршіліктен аса бермейді. Адам баласы үшін өзін қызықтырған толық танып білуге құштарлығы артақан жағдайда ғана адамдар арасында терең ойлау жүйесі пайда болып философиялық ойлау жүйесі қалыптасады.
Біз ойлау қабілеті деген не және адамдар арасында бұл ұғым дұрыс немесе керағар екнін қалай ажыратады ? Ойлау дегеніміз- әлуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысы психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттарды жанама және жалыпы түсінік беру. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілеті адам баласының санасының ең жоғарғы деңгейі. Адамның ойлау қабілеті адамның өмір тәжиірбесі мен іс-әрекетінің практикасында пайда болады. Адам өзінің өмірілік тәжиірбесіне сүйене отырып және логикалық тұрғыда өз өмірімен байланыстыра отырып әрбір пайда болған ойға сыни және дұрыс немесе бұрыс екенін ажыратып сол іс әркетке философиялық тұрғыдан қарап ажыратады. Адам баласы ойлау барысында тек өмір тәжиірбесіне ғана емес өзінің сезіміне еркікндік беріп сезіну арқылы сол ойды қортындылап философиялық тұрғыда шешім қабылдап өзін ара шешіп қабылдайды.Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Философия – дaнaлыққа құштарлық (Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның пәні ойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ философияға сұқбаттық сипат және эвристикалық мүмкіндіктер тән. Біріншіден, адам қанша терең ойлай бастаған сайын адам баласының басында түрлі ойлар туындап сыни көзқарас пайда бола бастайды. Адам баласының ойлануы проблемалар туындауына алып келеді және бұл туралы философ Джон Дьюи былай деп жазған: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау керек кезде басталады». Адам баласы ойлану арқылы өзінің проблемасын шеуге тырысып нақты дәйектер мен тұжырымдамалар іздей бастайды және бірден шешім қабылдамауға тырысып өзінің шешімін жан-жақты қарастырып сұрақтар қоя бастайды, егер оған жауап табылып қанағаттанбаса күнделікті өмір тәжиірбесінне сүйеніп, байланыстыруға тырысып әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Міне осы сыни көзқарас деп аталып жауап таппайынша ойлау процесі тоқтаусыз іске аса береді.
Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны өлшеп таразылағаннан кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Егер адамның сыни көзқарасы төмендеген сайын күмәнда төмендейді, ал керісінше сыни көзқарас артқан сайын күмәнда арта түседі. Себебі, адамның ойлау қабілеті сол болып жатқан құбылыстың нақты дұрыс немесе бұрыс екеніне философилық яғни адами сана сезімде көз жеткізетін болса жеткілікті. Адамда күмәнмен айналасына көп қарайтын болса соғұрлым ізденісте болып жан-жағына шынайы көзбен қарап өзінің өмірлік тәжиірбесін дұрыс жолға пайдаланып нақты шешіп қабылдап, өзінің сана сезімінің артуына ықпал жасайды.Адам неғұрлым көп ойланса сана сезіміде жақсы дамып, философиялық тұрғыдан дамып өзінің жеке пікірін қалыптастыра бастайды.Адам ақиқатқа қол жеткізу үшін сол құбылысты жан-жақты қарап және нақты дәлелдерге сүйене отырып шығаруы тиіс және қарапайым етіп қарау яғни ұсақ бқлшектерге бқліп жіктеп түсіну қажет. Бөлінген бқлшетердің біреуін жеке қалдырмай барлығын зерттеп зерделеу қажет. Күмәндануға жол бермей барлық істерді ақиғат деп қабылауы тиіс. Ең басты нәрсе, барлығын аұылмен шешіп, нақты дәйектермен тауып өзінің ой тұжырымдамасын қалыптастыру тиіс.
Қорыта айтқанда, үнді ақыны Рабиндранат Тагордың «Таным нұры жарқырай түскен сайын, күмән қараңғылығы қоюлана түседі» деген сөздерін де келтіруге болады. Адам көп білген сайын оның күмәні де көбейе түсетіндігі хақ және адам баласы өз өмірінде әрдайым сыни көзқарапен қарап әрдайм ізеніс үсінде жүруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://martebe.kz/ сайт
https://bilimland.kz/kk сайт
https://kazbilim.kz/ сайт
https://melimde.com/ сайт
Достарыңызбен бөлісу: |