2. Қазақтар жөнінде жазылған монографиялық еңбек. Қазақтар жерінде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған адам Алексей Ираклиевич Левшен (1792-1879ж) болды. Оның “Қырғыз-Қайсақ ордаларының даласының сипаттамасы” (1832ж) атты еңбегінің бірінші бөлімінде Қазақстанның географиялық жағдайына сипаттама берілсе , екінші бөлімі қазақтардың тарихының, ал үшінші бөлімі этнографиясына арналған.
А.Левшен – “қазақ” деген атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама беруге тырысқан ғалым (осы еңбекке дейін Ресейдің баспасөз беттерінде , сондай –ақ ресми құжаттарда қазақтарды “киргиз-кайсак” деп келген . – С.Қ). Ол қазақ халқының Ресейге бодан болуынана бастап ХІХ ғасырға дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыс өкіметімен арадағы сауда , ресми және саяси қарым – қатынастарынан көптеген мағлұмат береді.
Левшин қазақ әйелдерінің инабатты, шаруақор , іске шебер , еріне адал болатынын да дұрыс бағалай білген “Қырғыз әйелдері , - деп жазды Левшин , - түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен ерлерге ізеттілік көрсетуді ұмытпайды. Олар ерлерден гөрі бейнетқор , малға қарайды , киім тігеді , ері үшін бәрін жасап , оны кетерде атына мінгізіп , аттандырып салады. Қазақта балаға әкеден гөрі ана көп қарайды, қыздарын үй ішіндегі өнердің бәріне үйретеді” (44,231), -дейді.
ХІХ –ғ. екінші жартысында Қазақстанға жер ауғандардың ішінде С.Гросс, Б.Заыинскийлер де болды.
Адвокат С.Гросс та А.Янушкивич сияқты саяси сенімсіздігі үшін Сібірге жер аударылып , Семейде сегіз жылдай тұрып “Материалы для изучения юридических обычаев киргизов” атты еңбегін жазған. Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда еңбек еткен тек Россия үкіметінің Қазақстан жеріне арнайы жіберілген экспедициялары ғана емес , сонымен қоса көрші отырған екі ел арасында кездесетін кейбір қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының да қосқан үлесі баршылық. Осындай тұтқындардың бірі орыс офицері Ф.С.Эфремов көшпелі халықтың өмірі жайында көптеген материалдар жинаған.
Қазақ халқының этнографиясы жөнінде еңбек жазғандардың бірі орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев еді. Оның “Описанием средней орды киргиз - кайсаков” атты еңбегі алты тараудан тұрады. Соның “обряды” деп аталатын бесінші тарауында шілдехана тойындағы өтілетін ойындар мен нәрестені тәрбиелеп күту мәселесі сөз болады, ал сол тараудың бесінші бөлімінде үйлену тойындағы ойын- сауықтар туралы айтады.
Қазақ халқының этнографиясы мен фольклорлық шығармаларын көбірек жинап , зерттеп , аса құнды еңбек жазған ғалымның бірі – академик Василий Васиьевич Радлов (1837-1918ж). Ол 1860 жылы Гамбург университетін бітіргеннен кейін , ішкі істер министрлігінің жолдамасымен Барнауылға келеді. 1860-1880 жылдары Алтай өлкесімен қазақ даласында болып , қазақ ауылдарын атпен , кейде өгіз арбамен аралайды, қариялардан аңыз әңгімелерді, батырлар жырын , мақал- мәтелдер мен тұрмыс- салт жырларын жазып алып , кейін “Из Сибири” атты бір томдық зерттеу еңбегін жазады. Бұл еңбек тұңғыш рет неміс тілінде 1884 жылы Лейпципте басылады, кейінірек орыс тілінде 1986 жылы Мәскеуде баспа бетін көреді. Осы еңбектің IV тарауы (44,237-240) түгелдей қазақтар мен қырғыздардың шаруашылық кәсібі салт – дәстүрі , ауыз әдебиеті мен ұлттық мәдениетіне арналған.
Бұратана халықтардың тілі , діні , оқу- ағарту мәселесі жөнінде келелі пікір айтқан публицист ғалым, белгілі қоғам қайраткері Николай Михайлович Ядринцев (1842-1849ж) Томск гимназиясын бітіргеннен кейін Петербург университетіне түседі. Осыдан оқып жүріп, Шоқанның досы Г.Н.Потанинмен танысады. 1862 жылы Петербургтегі студенттердің толқуына қатынасқаны үшін унивкрситеттен шығарылады. 1865 жылы Омбы қаласында саяси насихат жұмысын жүргізгені үшін түрмеге қамалып, тоғыз жыл айдауда болады. Н.М.Ядринцев Сібірді зерттеу экспедициясына қатысып , Сібір халықтарының ауыз әдебиеті мен мәдени тарихи мұраларын зерттеу ісімен шұғылданады. Ол аты аңызға айналған Қарақорымның қираған жұрты мен Орхон- Енесей таңбалы жазуы атанған көне түркі жазу – ескерткішін ашады.
Белгілі этнограф, фольклорист, өлкетанушы Григорий Николаевич Потанин (1835-1920ж) көп жылдар бойында Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеу экспедицияларына қатысады, Қытай мен Орталық Монғолияның Тибет аймағын зерттеп , көптеген этнографиялық еңбектер жазды. Ресей империясына екі жүз алпыс жылдай бодан болған дала халқының жәм тұзын татқан , шын тілеулес болып, жылы жүзбен қараған осынау жат жұрт зиялылары (И.Ганвей, М.Готовицкий, А.Брем, В.Аничков, А. Васильев, С.Рбаков , Ф.Шербина т.б) кең байтақ өлкені тек тамашалап қана қоймай , мұны мекендеген елдің салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпы , өнері мен мәдениеті , әдебиеті мен ем –домы жайлы бағалы еңбектер жазып, өздерінің нағыз демократ, гуманист екендіктерін көрсете білді.
Батыс жұрты мен орыс зиялыларының қазақ халқының тәлім – тәрбиелік ойлары туралы айтқандарын ғылыми тұрғыдан жіктеп , саралау - әлі де болса зерттеуді аса қажет ететін психологиялық, педагогикалық мәні бар проблема.