8.ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ
№
|
Тараулар атауы,
Реті
|
Аудиториялық
сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
лек
|
сем
|
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Этнопедагогика пәні, оның оқытудағы әдістері мен мәні
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
2
|
Этнопедагогиканың шығуы мен дамуының тарихы
|
1
|
|
|
3
|
3
|
3
|
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелері
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
4
|
Халық тәлімінің тарихи кезеңдері.
|
1
|
|
|
3
|
3
|
5
|
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
6
|
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
|
1
|
|
|
3
|
3
|
7
|
Мақал мен мәтелдер, балалар жырының – тәрбиелік мәні
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
8
|
Мазақтамалардың, өтірік өлеңнің, ойын өлеңдердің тәрбиелік мәні
|
1
|
|
|
3
|
3
|
9
|
Шешендік сөздер мен термелердің тәрбиелік мәні
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
10
|
Батырлық, ғашықтық жырлардың тәрбиелік мәні
|
1
|
|
|
3
|
3
|
11
|
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы және тарихи даму кезеңдері
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
12
|
Ы.Алтынсарин мен Ш. Уалихановтың тәлімгерлік мұралары
|
1
|
|
|
3
|
3
|
13
|
Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі А.Құнанбаевтың педагогикалық ойлары
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
14
|
Шетел ғалымдарының қазақ этнопедагогикасы туралы ой-пікірлері
|
1
|
|
|
3
|
3
|
15
|
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасып даму кезеңдері
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
16
|
А.Байтұрсыновытың педагогикалық көзқарастары мен ағартушылық қызметтері
|
1
|
|
|
3
|
3
|
17
|
1930 – 1970 жж педагогикалық ойдың дамуы
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
18
|
1970-2000 жылдардағы қазақ этнопедагогикасының даму жайы
|
1
|
|
|
3
|
3
|
19
|
Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің жайы.
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
20
|
Халықтық тәрбиенің түрлері.
|
1
|
|
|
3
|
3
|
21
|
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
22
|
Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
|
1
|
|
|
3
|
3
|
23
|
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
24
|
Халық педагогикасындағы зиялылық тәрбиесі.
|
1
|
|
|
3
|
3
|
25
|
Жоғары руханилылықты, мінез-құлықтық сапаларды қалыптастыруда құранның тәрбиелік рөлі
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
26
|
Жауынгерлік-патриоттық тәрбие
|
1
|
|
|
3
|
3
|
27
|
Ұлттық салт-дәстүрлер өмірде тәрбие мектебі
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
28
|
Отбасы-халық педагогикасының негізі
|
1
|
|
|
3
|
3
|
29
|
Қазақэтнопедагогикасының бағдарламалық мазмұны. Қазақ этнопедагогикасыынң методологиялық мәселелері
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
30
|
Ұлттық тәрбиенің сахна арқылы іске асырудың жолдары
|
1
|
|
|
3
|
3
|
|
|
30
|
15
|
|
45
|
45
|
9.Лекция сабақтары
1- лекция. Тақырыбы: Этнопедагогика пәні , оның оқытудағы әдістері мен мәні.
Жоспары:
Этнопедагогика ғылымына кіріспе.
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.
Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Лекция мақсаты: Этнопедагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру; этнопедагогиканың басты ерекшелігін және міндетерін ашып көрсету.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.
Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.
Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени рәішін ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни қазақт этнопедагогикасының алтин арқауы, тәлімдік кредосы.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәірден бастау алады.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік –идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.
2.Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.
Академик Н.Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде ; адамдардың қоғамды құруда, қошаған ортаны- табиғаты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқаратыны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмприкалық білім болып келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сон дай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі ( мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де, “халық педагогикасы ру, тайпа,ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесінде негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады...Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмететушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырады”.
3. Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің , әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақтастығы болып табылады.
Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз.
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім-киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Әдебиет- тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін он халық құрап қастерлеп,жаттап жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп қадірлеп қалыптастырып, асылым деп. ақыл санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері-мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қиянда-татын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілі, ойды, дамытып, тәлім-тәрбие беріпдүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл-халық педагогикасының алкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр.Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың марал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Халық педагогикасы мен халықтық психологияның өзара байланысы мен ортақтастығы
2.Этнопедагогиканың, мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.
3.Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы деегнді қалай түсінесіз..
4. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
2- лекция. Тақырыбы: Этнопедагогиканың шығуы мен дамуының тарихы.
Жоспары:
1.Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері қазіргі ғалым-ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы.
2.XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді , Бұхар т.б.)тәрбие мектебі.
Лекция мақсаты: Ежелгі түріктердің жазу ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту.
Лекцияның мәтіні(қысқаша):
Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірдегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың пайда болуы бір – бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылымы дамыған бүгінгі түркі тек тес халықтарға ортақ мәдениеттің қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигізді.
Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашалып жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткіштер : түркі көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен өсиет сөз үлгісінде баяндалады. Бұларда қазіргі қазақтардың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Ортағасырлық түркі тілді әдибиеттің таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңірінің “Жарлығымен” болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берілгендігі, қағандардың қараларды билеп-төстеуі жайында сөз қозғалады. Мәселен, “Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің... ” деп., бек пен қара халықты бірлікке шақырады.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пен де атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой-сезімдерін –қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен , поэзиялық көркем тімен баяндайды.Ол эпос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, Діни наным-сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді... Ақылсыз балаға ата дәулетінен айран жоқ... қонағы жоқ параша үйден құлазыған түз артық ...”деп келетін Қорқыттың нақыл сөздері өз мәнін күні бүгінге дейін жоймай келеді.
2.XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді , Бұхар т.б.) тәрбие мектебі.
Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.
XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең –жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.
Бақылау сұрақтары:
1.Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері этнопедагогиканың негізгі арнасы деегнді қалай түсінесіз?
2. Қазіргі ғалым-ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы қалай түсінесіз?
3.XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді , Бұхар т.б.)тәрбие мектебі қалай түсінесіз?
3 – лекция. Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық мәселелері.
Жоспары:
1.Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалар.
2.Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
3.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілері.
Лекция мақсаты: Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың айырмашылы және ортақтастығын, өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Тарихи –педагогикалық әдебиеттерде «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшылық төрт тұрғыдан қарастырып жүр . олардың біріншілер халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса ,екіншілері әрі халықтың педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі , төртіншілері халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды .
Халықпедагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп , ал «дәстүрлі педагогиканы –белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады .
Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып , «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптады .
Г. Н. Волков тұңғыш рет « этнопедагогика» деген ұғымды енгізді .
«Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжрибесі туралы, олардың педагогикалық көз қарастары туралы ғылым . Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді... Халық педагогикасы –халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде ,ырымдарында , балалар ойындары мен оцыншықтарында мәнгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы “дей келе “ бұл білім мен мағұлматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі- адам, тұлға – дейді Г.Н.Волков (16,16).
Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филоновтың анықтамасы бойынша: Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұоар ұрпақтан –ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық технологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: “Халық педагогикасы дегеніміз –ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау прцесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбисі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру ”- деген анықтама берілген. Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.
Ал академик А.К. Конның басшылығымен 1983 ж. Педагогика баспасынан шыққан этикалық сөздікте әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез –құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Ал дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайдак кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған , топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне прцесс. Ол м ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге атанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр үшін өткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс- әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет.
Философия ғылымының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің «әдет-ғұрып , дәстұр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде (73) әдет-ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына , атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер кіреді »- дейді.
Екіншіден дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ салтанатты түрде қолданылаиын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ао ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз.Дәстүр –тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік мәннің болғанын, оның халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен, өзін қоршаған ортаға эмпристік көзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным сенімнің елесі екенін жасыруға болмайды.
2. Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территоиясы мен экономикалық өмірінің , тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психолдогиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫ
Баланың өмірімен байланысты
ы
Құда түсу, қыз ұзату,келін түсірумен байланысты
өлікті жөнелтумен байланысты
Көшіп қонумен байланысты
Ұлттық тағам дайындаумен байланысты
Қонақ күту, үлкенді сыйлаумен байланысты
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады. Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім –дегеніміз- адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы.
Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық өнер түрлерін: ән-күй, зергерлік қол өнері, ұлттық ойын мен спорттың түрлерін, ұлттық тағамды, киімді, мерекелерді, тарихи ескерткіштерді т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып , сұрыпталған әдет –ғұрыптар, жол жоралар,көзқарас түсініктер жатады.
Ұлттық мінез адам мінезінен іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі
3. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілері.
Ұшы –қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік –экономикалық жағдайына , мәдениетіне , тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тіліктерін дүниеге әкелді.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі ,тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай –ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни –наным сеніміне, әдет-ғұрпына, салт-сансы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Қазақ халқының психологиялық ой толғанысының бірінші ерекшелігі ол- тұспалдап, мақалдап, тақпақтап, сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты- өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл- аймақ, Отанның ар- намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.
Ақын-жыраулардың дүниетанымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: “Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз”. Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе- адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы “Ердің құны жүз жылқы”, “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс өлтіреді” деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпенен , ар –ожданменен өлшеу ұғымынан көп жоғары.
Қазақтың ұлттық философиясының екінші гносеологиялық танымдық ерекшелігі- ата мекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Мәдениетті деп саналатын кейбір жұрт өкілдері туған жерін отаным деп есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың “Кіндік қаным тамған жерім - ауылым” деп әндетуінде “Отан - оттан ыстық”, “Отансыз ер - бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр.
Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тілінее, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. “Өнер алды қызыл тіл” деп ұққан ата- бабамыз “от тілді, орақ ауызды” ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал- мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу- сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақтың ұлттық филисофиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт- дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат- мүдделері, негізгі қағидалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |