1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Пәнді оқытушы туралы жалпы деректер
Қабышева Жанар Көбегеновна
мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
Жұмыс телефоны: 53-19-70. Оқу ғимараты №5, кабинет 103
үй телефоны: 52-39-39. ұялы телефоны: 87771533517.
Сабақ өткізетін аудиториялар:121
Пән бойынша кредит саны - 3.
1.2.Пәннің жалпы мазмұны
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне және халықаралық экономикалық қатынастардың аса қарқынды жүре бастауына байланысты, Қазақстан Республикамыздың экологиялық жағдайларына аса көңіл бөліп көптеген мәселелер қолға алына бастады. Қазіргі жағдайда ғылыми техниканың дамуында ғылымның және ғылыми-техникалық мәліметтердің көлемі интенсивті өсуде. Жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандарды дайындауда олардың білімділігіне, іздемпаздығына көңіл бөлінеді. Студенттер алған білімдерін ғаламдық, аймақтық және жергілікті экологиялық мәселелерді шешуге қолдана білулері керек.
1.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
1. Студенттерге жалпы Қазақстан Републикаының экологиялық жағдайын оқыту.
2. Берілген курстың мақсаты болып студенттердің өздік творчествалық жұмыстарға баулу және өз мамандықтары бойынша жоғары жалпы ғылыми және профессионалды дайындау.
1.4. Пәннің пререквизиттері:
Экологиялық саясат және экологиялық құқық. Құқық «Оқу туралы» (жаңа баспа).
2.Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар.
Пәнді толық меңгеру үшін жоспарында қарастырылған 60 тақырып бойынша сабақтар өткізіледі. Оның 15 тақырыбы бойынша дәріс, 15 тақырыбы бойынша СОӨЖ, 15 тақырыбы бойынша аудиториялық сабақтар, 15 тақырыбы СӨЖ.
Студент пәнді толық меңгеру үшін олар төмендегі талаптарды толық орындау қажет:
Сабақ басталғанда оқытушыдан пәннің оқу-әдістемелік кешенін алып тастау.
Аудиториялық сабақтарда (дәріс, тәжірибе сабақтары және СОӨЖ) босатпау, дайындалу және белсенді қатыу сөйтіп ең жоғарғы балл жинау.
Пән бойынша арнайы оқулық шығарылмаған.
Студенттер пәнді меңгеру барысында 2 қорытынды сабақ тапсырады.
Қорытынды сабақ ұрақтары алдын ала беріледі. Қорытынды сабақта алған баллдарды туденттің аралық рейтингісін есептегенде пайдаланылады. Мысалы: Студенттің қорытынды сабақ бойынша алған баллы 5 болса жиынтық баллын көбейтетін коэффицент 1-ге тең, ал 4 болса 0,8-ге тең, 3 болса 0,6-ға, 2 немесе тапсырмаса (тапсыра алмаса) 0,4-ке тең болады.
Қорытынды сабақ сұрақтарын емтихан сұрақтарының негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |