Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Құқықтық тәрбиенің мәні мен мазмұны



бет110/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

12.2. Құқықтық тәрбиенің мәні мен мазмұны

Тұлғаның жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие.Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана– сезімімен, күнделікті мінез– құлықтарына қалыптастыру қажет.

Бұл талапты іс – жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

Құқықтық тәрбиені қалыптастыруда:

1. Адам құқығы жайлы түсініктерін қалыптастыру;

2. Жалпы құқықтық білім беру;

3. Құқықтық сауат ашу сабақтарын жүргізу;

4. Заң қызметкерлерімен байланыс орнату жұмыстарын жүргізу қажет.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке ата – ананың мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік – құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше .

Балалардың мінез – құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады .Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман – жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары ең алдымен өздерінің ата – аналары.

А.С.Макаренко сөзімен айтқандай, «Тәлім – тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс». Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, ата – аналар, педагогтар, заң қызметкерлері барлығы дерлік байланыста болып жұмыстар жүргізу қажет. Әсіресе отбасы жағдайын жан – жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысты жүргізіледі деп айту қиын. Соның негізінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

Тұлғаны тәрбиелеу мен білім беруде құқықтық тәрбие мен құқықтық білім маңызды роль атқарады. Яғни қоғамның әрбір азаматының ҚР заңдарын білуі және оны сақтауға тәрбиеленуі аса қажет.

Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс – әрекеттері мен мінез – құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген ережеге, қабылданған заңдарға сай болуын талап етеді. Сол талаптарға сай өмір сүру үшін, ең алдымен оларды білу қажет.

Бұдан құқықтық тәрбиенің нормаларын бұлжытпай орындауға және сыйлауға, елін, жерін, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу. Ол үшін:

– жастарға мемлекет, оның құрылымы, құқық және құқықтық нормалар туралы білімді

меңгеру;

– мемлекет рәміздерін, заңдарын сыйлау мен қорғауға тәрбиелеу;

– өмір сүру дағдыларын заң, ережелерге сай құрастырумен дағдыландыру;

– адам және оның құқығын таңдауын құметтеуге үйрету қажет.

Құқық қоғам өмірінде бірнеше маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады.

Құқықтың негізгі қайнар көзі мемлекеттік құқықтың мәнін ашып көрсететін Ата Заң болып табылады.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1 – сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының «Адам және азамат» деп аталған II бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1 – бапта «Менің Отаным Қазақстан Республикасы. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы»деген жолдардан басталады, 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның – Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс – тұрысын, мінез – құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым – қатынасын реттейді.

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықұтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі.

Ата Заңның негізінде қоғамдық өмірдің әрбір саласы (еңбек, азаматтық, меншік, кәсіпорын, кооперация, қоршаған ортаны қорғау туралы, әкімшілік, отбасылық, қылмыстық ) бойынша заң актілері жасалып, әрекет етеді. Мұнда құқықтың реттеуші функциясы көрінеді.

Тәрбиелік функциясы демократиялық құқықтық мемлекетте адам тәртібінің негізі – оның белсенді және саналы түрде адамгершілік пен құқық нормаларын орындауы болып табылады. Осында педагогикалық және заң ғылымының өзара әрекеті негізделеді: педагогика адамгершілік нормаларын тәрбиелеуден құқыққа қарай, юриструденция құқықтан адамгершілікке қарай жылжиды. Екі ғылым да бір міндетті – адамға адамгершілік құқықтық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Құқықтың қорғау функциясы азаматтарды заңды, құқықты бұзудан және қылмыстардан қорғайды. Оны арнайы құқық қорғау органдары: сот, прокуратура, адвокатура, нотариус орындайды .

Педагогикада құқықтық тәрбиелік функциясы негізгі орын алады, ол реттеу және қорғау функцияларымен өзара байланыста әрекет етеді.

Құқықтық тәрбиенің жүйесі құқықтық сананың құрылымы (құқықтық сауаттылық, адамгершілік – құқықтық және саяси сезімдер, құқықтық ойлау ) туралы ғылыми түсініктер арқылы анықталады.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты – құқықтық мемлекеттің азаматын қалыптастыру, оның бойында құқықтық мәдениетті тәрбиелеу.

Бүгінгі әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» бар. Бұл бүкіл әлем азаматтарының құқын қорғайтын бірден – бір құжаты болып табылады. Бұл құжатты 1948 жылы 14 желтоқсанда Бүкіл Одақтық Ұлттар Ұйымы қабылдаған.

1989 жылы Біріккен ұлттар Ұйымында поляк профессоры Адам Лопатканың басшылығымен құрылған жұмыс тобы Бала құқығы туралы Конвенция ережелерін жазып бітірді. Осылайша бүкіл дүниежүзі балаларының азаматтығын жүйелі , әрі нақты ашып көрсететін заңды құжат дүниеге келді. Әлем жұртшылығы бұл құжатты тіршілік көзі ретінде сипаттайды.

\ Біздің мемлекетіміз осы шартқа қол қоя отырып, Қазақстан Республикасында тұратын балалардың бақытты өмірін қамтамасыз етуге және шартта аталған барлық құқықтарды қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Бұл құжат ересектер үшін балаларға қатынас жасауды реттеуші негіз болса, балалар үшін, оның құқық субъектісі ретінде танылуын анықтайды.

Конвенцияның талаптары:

а ) балалардың өмірі;

б) балалардың дамуы;

в ) баларды қорғау;

г) балалардың қоғамдық өмірге белсене араласуы;

д ) конвенцияны іске асыру қағидалары;

ж ) білім;

з ) ұсынылған ой тұжырымдарды терең түсіну;

и ) конвенцияның шындық өмірге айналуына қолдау жасау.

Конвенция ережелерінің барлығы бір мақсатқа бағытталған. Қоғамның барлық құндылықтарын балаларға беру, өткен өмір қателіктерінен балаларды қорғау қажеттілігі, тек сонда ғана қоғамның келешегі болатындығы айтылады .

Құқықтық тәрбиенің негізгі мәні – қоғамдағы ең маңызды негізгі қатынастарды реттеп, қоғамға қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғызып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал.

Сонымен құқықтық мәдениет дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез құлық сенімдеріне негізделген терең және жан – жақты құқықтық білімдермен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс – әрекетінің терең бірлігі болып табылады.

Зерттеушілер С.К.Бердібеков, Г.Ә.Досжанов «Мектепте азаматтық білім беру жүйесі» атты еңбегінде қоғамда кәмелетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін бұзуы және тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты екендігіне тоқтала отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қоғамдағы жеке адамды қалыптастыруға екі топ факторлар макрожағдай және микрожағдайлар себепші болады деп санайды. Макрожағдай негізінде жеке адамның қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың адамгершілік белгілерді сақтап, құқық бұзуына жол бермейді. Ал жасөспірімдердің заң ережелерін мойындамауы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен – кішіні сыйламауы сияқты қылықтар (ұжымда, топта, отбасы ортасында, жора – жолдастарының арасында т.б.) микрожағдай ортасында ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора – жолдастары мен ата – аналарының арасында жасалынады.

Оқушылардың көпшілігі заң алдындағы жауапкершілік міндетін 18 жас деп біледі. Алайда қылмысты істер үшін 14 жаста, ал кейде 16 жастан тартылатындығын сезінбейді. Бір қарағанда мораль мен құқық қатынасы жай нәрсе сияқты. Шындығында бұл қатынас өте күрделі.

Ал қоғам әр адамның бостандығын қоғамға зиян келмейтіндей деңгейде ғана мүмкіндік береді. Педагогикалық тұрғыда мұны В.А.Сухомлинский өте жетік тұжырымдады. «Сіздің қалауыңыз бұл жақындарыңыздың қуанышы немесе көзжасы. Өз қылықтарыңызды саналы тексеріңіз. Қылықтарыңызбен зұлымдыққа, жағымсыздыққа, ыңғайсыздыққа барып тұрған жоқсыз ба ? Өзіңізді қоршаған адамдарға жақсы боларлықтай іс орындаңыз», – деген.

Мәселен кішінің үлкенге, үлкеннің кішіге деген қамқорлығы бұзылса да құқықтық қатынастар басталады. Маскүнемдік, нашақорлық бұлардың барлығы да қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі болып табылады. Осыған байланысты әрбір сыныптың жетекшілері, мұғалімдері құқық тәрбиесіне көңіл бөле отырып, оқу – тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет