3.3. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу
Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар құндылықтардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетеді. Көрнекті психолог Б.Г.Ананьев тұлғаның бір – бірінен мінез – құлқы, танымдық қызығушылықтары мен мотивациясы ғана ажыратылып тұрмайтынына, сонымен адамгершілік, эстетикалық және гностикалық құндылықтары арқылы ерекшеленетініне мән береді.
Аксиология проблемасымен айналысқан көрнекті Кеңес философы В. П. Тугаринов:
«Жеке адам тек өзінің қоғамында бар құндылықтарды ғана пайдалана алуы мүмкін. Сондықтан, жеке адам өмірінің құндылықтарының негізін оның қоғамдық өмірінің құндылықтары құрайды. Бұл құндылықтар шартты түрде материалдық, әлеуметтік –саяси, рухани болып бөлінеді» – деді.
– Материалдық құндылықтарға: тамақ, киім, тұрғын үй, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін нәрселер аймағы жатады.
– Әлеуметтік – саяси құндылықтарға: бостандықты, теңдікті, достықты, әділдікті жатқызады.
– Рухани құндылықтарға : білім, ғылым, өнерді жатқызады.
Бүгінгі таңда құндылық мәселесіне арналған бірнеше еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде құндылық мәселелерінің (әлеуметтік, адамгершілік, мәдени, жалпы адамзаттық, рухани, т.б.) мәні мен табиғатына және тәлім – тәрбиелік жақтарына жан– жақты көңіл бөлген. Мәселен, ғалымдардың (С.Ф.Анисимов, Л.А.Харисова ) еңбектерінде : «құндылық – негізі адам мүдделерінен туындайтын құбылыс.
Құндылық – қажеттілік пен сұраныстар немесе мұқтаждықпен астасады» – деп атап көрсетеді .
Рухани – адамгершілік құндылықты рухани мәдениет негізінде қарастырған Л.А.Харисова, оны төмендегідей жіктейді:
– танымдық мәдениет (көзқарас, ойлау мәдениеті, білімнің біртұтастығы, т.б.) .
– адамгершілік мәдениет (жеке адамның жауапкершілігі, кешірімді бола білуі,
қайырымдылық, шыдамдылық, т.б.) .
– ұлттық мәдениет (ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық патриоттық, т.б.).
– рухани – әлемдік мәдениет (азаматтылық, адам құқы мен міндеті, жауапкершілік,
өмір сүру белсенділігі, ұжымшылдық, т.б.) .
– салауатты өмір сүру мәдениеті (экологиялық мәдениет, мәдени гигиеналық тазалық,
сауықтыру, жат қылықтардан сақ болу, қозғалу, қимылдау, шынығу, спорт, т.б.) .
– дүниетанымдық мәдениет (дін, дінтану, діннің ғылыми негізі, т.б.) .
Бұл көзқарастар адамның әлеуметтік және рухани талап – тілектерінің қалыптасу нәтижесінде жүзеге асырылады. Сондықтан адамзат өз құндылығын қоғамның дамуы барысына қарай бағалап отырады.
Қазақстандық ғалым Ш. Майғаранова мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы дамыту мәселелерін қарастыра отырып, «құндылықтарды тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар» ретінде анықтайды. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық , махаббат, шығармашылық т.б. жатады.
Құндылықтар – сезім мен ақыл – ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс – әрекетін белгілейді. Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола тұра субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс – әрекет етеді.
Ғалым Т. Нұрғалиева құндылықтардың өзара әрекеттестігін көрсете келе «адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік туғызады» – дейді.
Адам өмірінде барлық тарих сынағынан өткен, адамзаттық мәнді қасиеттері бар құбылыс – адамгершілік құндылық болып табылады. Өйткені, адам баласының қасиеті: ар мен ұят, адамгершілікпен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен жан тазалығы шынайылық пен ұстамдылық негіздері өз құндылығын жойған емес.
Көрнекті Қазақстандық ғалым С. Қалиев мектептің басты міндеттерінің бірі жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тұлғаны қалыптастыру екендігін баса айтады. Кез – келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижесі болып табылады. Сонымен қазіргі таңда әлеуметтанушылар, философтар, педагогтар құндылықтардың мынадай жіктемесін ұсынып отыр.
(Слайд 1);
Слайд 1 – Құндылықтар жіктемесі.
|
|
|
Жалпы
|
Жоғарғы сапа
|
Әлеуметтік –
|
Рухани адам
|
адамзаттық
|
деңгейдегі XXI
|
мәдени
|
тарихи – ұлттық
|
құндылықтар
|
ғасыр құндылықтары
|
құндылықтар
|
құндылықтар
|
Адам өмірі
|
Адам құқықтары
|
Әлеуметтік орта
|
Мәдениет
|
Бостандық
|
(конвенция)
|
Статус
|
Әдебиет
|
Отбасы
|
Демократия
|
Тұрмыс
|
Тарих
|
Қарым - қатынас
|
Азаматтық
|
Теңдік
|
Тіл
|
Адам бақыты
|
Қоғам
|
Еркіндік
|
Дін
|
Ұрпақ жалғастыру
|
Өркениет
|
Өнер
|
Ар– ұят
|
Еңбек ету
|
Әлемдік мәдениет
|
Мәдениет
|
Намыс
|
Табыс
Ынтымақтастық
Белсенділік
Тәуелсіздік
Махаббат
Заңдылық
Мәдениет
Бейбітшілік
Денсаулық
Білім беру
|
және т.б.
|
және т.б.
|
Абырой
Парыз
Қарыз
Салт – дәстүр
Әдет – ғұрып
Ұлттық
дүниетаным
Туыстық
қатынастар
Отан
Ана
Жер
және т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |