12.10. Дене тәрбиесі мен валеологиялық тәрбиенің мәні, мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі – тұлғаның, жан – жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі дене тәрбиесі – тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл–әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік–жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытарының бірі.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениетімен спортпен айналысу, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл – ой, адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны – дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында, спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы Ережеде (А,1993) » ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл – қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударған.
Достарыңызбен бөлісу: |