Экологиялық тәрбие – табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты ізгілікті, қайырымдылықты, парсаттылықты қалыптастыруды көздейді.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты – оқушылар бойында экологиялық білім,көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым– қатынасын жан– жақты қалыптастырып , дамыту.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып,белсенділігін көтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді.
Экология саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді. Экологиялық санаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым – қатынасының қорытындысы мен талдауы.Адамның экологиялық санасына оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті жатады. Сондықтан да экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |