Дене тәрбиесінің мазмұны:
– денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
– ақыл – ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
– дененің негізгі қимыл – қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдық) қалыптастыру;
– гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
– дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
– адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілігі, ұжымшылдығы, т.с.с. );
– дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
– дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу;
– ұлттық ойындар игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс – тәсілдерін білу.
Достарыңызбен бөлісу: |