Дәрістің мақсаты: Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің әдістері,
құралдары мен формалары жүйесінің мәнін ашу.
Жоспары:
1.Тәрбие әдістері туралы түсінік.
2.Тәрбие әдістерін топтап бөлу (классификациялау) .
3.Тәрбие әдістеріне сипаттама .
4.Тәрбие құралдары мен формалары.
Негізгі ұғымдар: тәрбие әдісі, тәрбие тәсілі, тәрбие құралдары, тәрбие формалары.
13.1. Тәрбие әдістері туралы түсінік
Тәрбие әдісі (гректің «методос » – жол деген сөз) – бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс.
Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты – тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдістеріне берілген анықтамалар өте көп, олар:
А.С. Макаренко: «Тәрбие әдістері – бұл психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы» – деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |