Ашық дауысты дыбыстары бар сөздер



Дата07.02.2022
өлшемі16,48 Kb.
#82395
Байланысты:
8,9,10 жаттығулар ҚҚТ
Документ (2)

8-жаттығу. Төмендегі сөздерді екі топқа бөліп, бір топқа ашық дауысты дыбыстары бар сөздерді, екінші топқа қысаң дауысты дыбыстары бар сөздерді жазып, олармен сөйлем құрастырып жаз.

Ыссылы-суықты, ізгілікті, алабажақ, шілік, ноқта, өрмек, өрнек, хабар, сәукеле, тұқым, тігін, білгір.





Ашық дауысты дыбыстары бар сөздер

Қысаң дауысты дыбыстары бар сөздер

Алабажақ, ноқта, өрнек, өрмек, хабар, сәукеле

Ыссылы-суықты, ізгілікті, шілік, тұқым, тігін, білгір

Сөйлемдер: Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сағындық жүрегі елжіреп қуанышты хабар айтты. Ізгілікті іс әр адамның қолынан келмейді, сондықтан қадірлей біл. Білгір білгенін білмегенге үйрету арқылы жетістікке жетеді. Әжемнің сыр сандығы түрлері өрнектермен безендірілген. «Тұқым» сөзін кей өңірлерде жұмыртқа деп қолданады.




9-жаттығу. Өлеңді жазып, жаттап алып, ондағы ашық дауыстының астын бір, қысаң дауыстының астын екі сызыңыз. Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтып беріңіз.

«СІЗ», «БІЗ» ДЕГЕН ЖЫЛЫ СӨЗ


«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Жақсылық билеп, жанды тез,
Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық
Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алайық.
Осы бір шырын тәттілік, «Сіз», «біз» деген жақсы сөз -
Тұрмай ма жанға Жақсылықтың мейірі,
жарасып?! Бір-біріне болып көз,
Баршаға керек жақсылық! Кең болсын адам бейіні.
Жақсылық сүйер жанымыз, ( Ө. Тұрманжанов )


10-жаттығу. Текстті оқып, еріндік, езулік дауысты дыбыстарды ажыратыңыз.

Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айнала қапа, тым-тырс, тыныштық. Желді күнгі толқындай жүйткіп, дамылсыз құлпырған көк ала сағым ғана ойнайды. Жердің жарығы мен көде түптерінде бұғып отырып, қызыл сирақтары сырт-сырт етіп, қоңыр шегірткелер ғана ысқырып, ән салады. Намаз оқып тұрған молдаға ұқсап, әр жерде қазықтай қадалған бірен-саран семіз қара сұр суырлар көрінеді.


Мәтін бойынша еріндік дауысты дыбыстар: о, ү, ұ


Мәтін бойынша езулік дауысты дыбыстар: е, а, і, ы, и

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет