Дәріс Тақырып: Ш. А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы Жоспары



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі34,73 Kb.
#85492
  1   2
Байланысты:
Ш.А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы


Дәріс
Тақырып: Ш.А. Амонашвилидің ізгілік педагогикасы
Жоспары.

  1. Амонашвилидің рухани-ізгілік педагогикасы.

  2. Рухани ізгіліктің мәні мен мағынасы.

  3. Баланың философиялық қабылдауы.

  4. Ш. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық ілімінің мақсаты – Мейірімді адам қалыптастыру.

  5. Жүрек қалауы.

  6. Ой күші.

  7. Сөз құдіреті.

  8. Сөз – сыйлық.

Заманауи көрнекті гуманист педагог және психолог, гуманды-тұлғалық психология және педагогика саласының маманы, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының құрметті академигі, Халықаралық гуманды педагогика Орталығы және Мәскеу қалалық педагогикалық университеті жанындағы гуманды педагогика Лабораториясының жетекшісі Ш.А.Амонашвилидің қызметінде көрініс тапты.
Педагогикалық қызметінің бастапқы кезінде Амонашвилиге Мәскеудегі ең құрыған мектепті берді, мұнда артта қалушы балалар «жер аударылған». Екі жылдың ішінде ол оны үлгілі оқу орнына айналдырды. Мектепке министрлік комиссия тексерумен келгенде, шенеуніктер бұл өзгеріске таңғалды. Бәрі: дамымай қалған балалар қайда? – деп сұрады. Балаларды сүйіп, олармен шұғылдану керек, сонда олардың ғажап талант гүлдері ашылады, - деп жауап берді Амонашвили.
Амонашвилидің мұғалімдік философиясының негізгі қағидасы мынада: «Әр бала бұл өмірге кездейсоқ келген жоқ: ол адамдардың шақырумен туылуы тиіс болған соң туылды. Оның өзінің өмірлік ұлы миссиясы бар, біз оны білмейміз, сондықтан ол ғаламат рух энергиясымен жаратылған. Біздің парыз – оны орындауына көмектесу». «Мұғалім» – «оқушы» қарым-қатынасы, Амонашвили бойынша, «баланың қолынан бәрі келеді, ал мұғалім осы формулаға өзі сенуі керек және оны балаға сіңіру қажет».178
Амонашвили мектебіндегі негіздің негізі – «рухани өмір сабақтары». Біз не үшін өмір сүреміз? Өмір деген не, ол қалай пайда болды? Сүйіспеншілік деген не? Мәңгі өлмеу деген не? Бірінші қағидат – бұл баланы сүю. Мұғалім адами мейірім мен сүйіспеншілік шуағын шашып тұруы керек, онсыз адам жанын гуманды тәрбиелеу мүмкін емес. Бала мұғалімнің сүйетінін, шынай әрі риясыз сүйетінін сезінгенде бақытқа бөленеді.
Ізгілік педагогикасына барынша толық анықтаманы Шалва Александровичтің өзі береді: «Бұл педагогика баланы сол бар қалпында қабылдайды, оның табиғатымен келіседі. Ол баладағы шексіздікті көреді, оның ғарыштығын ұғады және жетектейді, оны өмір бойы адамзат баласына қызмет етуге дайындайды»179
Әлем өз дамуының жаңа – Жүрек пен Руханилық дәуіріне енген кезде, адамзат баласы технократизмді және бытыраңқылықты, жауластық пен өшпенділікті жеңудің жолын іздеуде. Амонашвили миллиондаған ата-аналардың, мұғалімдердің және халыққа білім беру қызметкерлерінің ақылы мен жүрегінде уманды ойлауды қалыптастырудың бірден-бір жолы қоғамды жақсарту және рухани биіктетудеп санайды.
Ұлы ойшылдар мен ағартушылар Жүрек арқылы тәрбиелеудің және әрбір адам тұлғасының таланттарын, интеллектісін, оның қайталанбастығын ашудың қажеттілігін ескертіп келеді.
Барлық білімдік үдерістің гуманды педагогикалық ойлау негізінде терең жаңартылуы келешек дәуірдің аса қажеттілігі болып табылады. Қазіргі кездегі көптеген мұғалімдер үшін гуманды педагогикалық ойлау олардың шығармашылығы мен дүниетанымының негізі болады.
Гуманды педагогика баланы оның табиғатына сай бар қалпында қабылдай алады, оның ғарыштығын ұғады, оны өмір бойы қоғамға қызмет етуге дайындайды және жоғары заң ретінде табиғи сәйкестілігін ұғады.
Гуманды педагогикалық ойлаудың мақсаты мен міндеттері ізгі мінезді адам тәрбиелеуге бағытталған. Гуманды педагогика баланың рухани және адами дамуына, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шығармашылыққа және өнерін бектуге негізделген.
Ш.А.Амонашвили оқушыға тұлғалық-гуманды көзқарас педагогикалық үдерістің универсалды өзегі деп санайды, оның көмегімен педагогтің саналуан әдістемесін жетілдіруге болады. Ол гуманды педагогика оның қағидаттарына педагогикалық үдерістің барлық құрамдастары сәйкес келген жағдайда ғана жүзеге асырылады деуге болмайды: мұғалімнің тұлғасы, мұғалімдердің ұжымдық шығармашылығы, сынып бөлмесі, сабақ, оқулық, бағдарлама, әдістер де сәйкес келуі тиіс.
Мұндағы ең бастысы – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетестік сипаты, олардың өзара қарым-қатынасы. Қажеттісі, осы мектепте барлығы ынтымақтастық рухымен, мектеп рухымен үйлесімді болуында, сонда мектеп өмірі жаңаша сипат алады.
Педагогикалық қызметінің бастапқы кезінде Амонашвилиге Мәскеудегі ең құрыған мектепті берді, мұнда артта қалушы балалар «жер аударылған». Екі жылдың ішінде ол оны үлгілі оқу орнына айналдырды. Мектепке министрлік комиссия тексерумен келгенде, шенеуніктер бұл өзгеріске таңғалды. Бәрі: дамымай қалған балалар қайда? – деп сұрады. Балаларды сүйіп, олармен шұғылдану керек, сонда олардың ғажап талант гүлдері ашылады, - деп жауап берді Амонашвили.
Ш.А.Амонашвилидің барлық педагогикалық идеяларын нұрландыратын аса терең ойлы сұхбатты журналист Ольга Сорокинамен болды. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Амонашвилимен сұхбат
Сіз сияқты адамды мен жиі кездестіре бермеймін. Сіз бүгін менің ұстазым болдыңыз. Сіздің кіріспе лекцияңыздан менің жан-дүнием ашылды.
Алайда әлемде қазір басқа әлеуеттер – билік, ақша, өз мүддесі үшін күрес. Әлем қатал.
Ашық және сүйіспеншілікті адам болып қалу үшін Сіз не істейсіз?
Мен сізге өз ішіңізде «білімдік храмын» тұрғызуды ұсынамын. Көзіңізді жұмып, мектеп менде сияқты бір ғажайыпты көріңіз.
Өз ішіңізде сыртқы және ішкі өмірді тоғыстыруға, жинақтауға тырысыңыз. Сонда сіз де, мен де бәріне қажетті адам боламыз. Тек храмыңызды, өзіңіздің ішкі әлеміңізді тазалық пен әдемілікте сақтау керек.
Ал мұны қалай жасау керек?
Бұл қиын. Неліктен ерік-жігер күші бар? Бізге ерік-жігер берілген ғой. Бір данышпан: «Ерік-жігер адамдағы Құдай» деп айтыпты. Осы Құдай менде бар.
Бұл басқа сөздермен өзін өзі ұйымдастыру ма?
Ерік-жігер – бұл біздің өз қалауларымызға қарсы жүре алуымыз. Егер мен өз қалауыммен жүре берсем, ол жерде ерік-жігер керек емес. Онда желдің өзі айдайды, қаладым – жасадым. Ал бірақ, менің жасағандарым іске алғысыз болса, онда оны тоқтату үшін ерік-жігер қажет. Ерік-жігер – біздің ішкі әлеміміздің құрылысшысы. Бастапқыда қиын болады, айталық, ерік-жігердің көмегімен әрдайым мейірбан болу. Ал бірақ мұны мен үнемі жасауды жалғастырсам, ерік-жігер кетеді, мен өзім қаламын.
Ерік-жігерлі адам болып туу керек пе, әлде мұны өзіңде тәрбиелеу керек пе?
Әркімнің ерік-жігері бар. Егер үлкендер көмектессе, біз өзіміздегі ерік-жігерді дамыта аламыз, егер де көмектеспесе, бізге ақыл-ойымызға жүгінуіміз керек, мақсат қойып, оның жетістікке жетуіне кедергі келтіретін қалғандарды кесіп тастау керек. Кесіп тастаған кезде әрине, ауыр, бірақ мақсат уақытты кетіргенге шыдамайды.
Сіз – «гуманды педагогиканы» жасаушысыз. Ендеше, Сіз біздің педагогика балаларға әрдайым гуманды емес екенін мойындайсыз ба?
Мен ғана емес. Бұл істің нақты күйі. Жақында Жаңа Ресей энциклопедиясының 2-томы шықты. Онда алғаш рет «авторитарлық педагогика» ұғымы көрініс тапты. Бұрын бұл ұғым болмаған. Энциклопедияда авторитарлық педагогика (қазір барлық мектепте кездеседі) колонияда ғана, онда да жанама айтылатын. Мұндай педагогикаға тек гуманды педагогика қарсы тұра алады.
Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Ақ пен қара сияқты айырмашылығы бар. Гуманды педагогика баланы жанашырлық, көмек, бірге мазасыздану, өз тағдырына өзі баруға шақырады. Авторитарлық педагогика бұған мәжбүрлейді. Оның мақсаты бар – балаларға бар жақсыны беру. Бірақ – мәжбүрлеу, бұйыру, баға, қысым, қаталдық жолымен. Гуманды педагогика өзін-өзі құру үдерісіне тартады. Бұл әрине, аса ауыр үдеріс.
Келісіңіз, мектепте стандарттар бар: сабақ – үй жұмысы – орындалғынын тексеру. Білімдік конвейер іспеттес. Осы конвейерде әр балаға жол табу қалай болмақ?
Стандарттар, біріншіден, білімге қатысты болады. Бұл мемлекетік саясат, бұл болуы тиіс. «Стандарт» деген сөздің өзі жаман. Стандарттар болуы тиіс, бірақ олар үштік алатын мұғалімдер үшін. Жаңа ғана педколледж бітіргендер үшін, балаларға білім беру керек. Бұл қандай білім? Жоғарыға – ол өзі тартпайды (бала – иә, ал ол – тартпайды). Сондықтан, стандарттар мұғалімнің білімділік деңгейіне құрылады, ал бала одан да көп нәрсеге бейім.
Біз («гуманды» педагогтер) балаға қатынасты іздейміз. Бірақ қысым арқылы емес. Түсінесіз бе, бала дамуға, үлкеюге және еркіндікке құлшынады. Егер мен, мұғалім, баланың құлшынысын түсініп, осыған көмектесетін болсам, мен – гуманды мұғаліммін. Ол мені түсінеді және менің артымнан ереді. Егер мен оның құлшыныстарын түсінбесем, тек баланы бағаласам: біледі – білмейді, еске сақтайды – сақтамайды, онда ол мені ешқашан жақсы көрмейді. Балалар, 1 ден 11 сыныпқа дейін, өздерін түсінетін мұғалімдерді ғана жақсы көреді. Біз мұғалімдерді асылдандырғымыз келеді. Технология беріп қана қоймай, жүрегін мейірімді ақылын дана еткіміз келеді, мұғалімнің мәртебесін көтергіміз келеді, қаласаңыз, Жаратушының алдында жоғары жауапкершілік алатынын түсінуі тиіс.
Сіз мұғалімнің тұлғасына аса маңызды мән бересіз. Ондай мұғалімді қайдан табуға болады?
Олар шынымен аз. Егер, мен кездестірген барлық мұғалімдердің ішінде тым болмаса, 5-8 пайызы ойланса, бір нәрсені өзгертуге болады, бір мұғалімнің алдында жүздеген бала тұр ғой. Көптеген мұғалімдер қолдау күтуде, оларға тек қол созып, күлімсіреп, демеуші сөз айтсаң болды. Егер солай істесе, онда көптеген мұғалімдер бала сияқты, жаңалықтың артынан ере береді.
Ұстазға да ұстаз керек…
Әрине!!! Ұстазсыз адам – жоғалған адам. Иерархия құрылады: мен – мұғалім, алайда мен де ұстазбын, мен өзім оқушымын.
Жақсы мұғалімдер – бұл сіздің оқушылар. Егер оларды өз оқушылары сияқты қабылдайтын болса, олардан көп нәрсені үйренуге болады.
Тағы кім біздің ұстаздарымыз болды?
Олар әртүрлі мысалы, Иисус Христос, ойлаймын, оны өзімнің рухани Ұстазым деп атасам болады.
Варвара Вардиашвили, әдебиет мұғалімі. Әрине, ол қазір жоқ, бірақ осы уақытқа дейін менің Ұстазым.
Сабақта математиканы жек көрем деп сабақта жылап, айқайлаған кішкентай Леночка. Маған айтты: «саған қызыл сия не үшін керек?», содан кейін оны мен өз өмірімнен де балалардың өмірінен де алып тастадым. Шығыс айтады: «Ешкім саған дос емес, ешкім саған жау емес, Әркім сен үшін Ұстаз».
Сіз қалай санайсыз, неліктен білімдегі барлық мемлекеттік реформалар күткендегідей болмайды?
Мен сізге айтайын. Барлық реформалар басталатын жерде басталмайды, әуел бастан құритын жерде басталады. Реформа тек мұғалімде ғана басталады. Егер мен жаман мұғалім болсам, маған жақсы бағдарлама беріңдер, менің қолымда ол неге айналар екен? Егер мен жақсы мұғалім болсам, маған жаман бағдарлама беріңдер, мен онымен не істейді екем? Әдістемені өзіңше көруге тырысыңыз, баланы өз дегеніне қоя беріңіз. Сонымен кім мектепті реформалайды? Министр өз бағдарламасымен бе? Немесе мен өзімнің жеке ақиқатыммен бе? Ойлы, шығармашыл, еркін мұғалімді тәрбиелеу керек. Мұғалімдерді ұрыспау керек, оларды көтеру керек. Олар өмір суретшісі. Қазіргі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын бейнелеп жатыр.
Балалар уақытпен өзгере ме?
Әрине. Әлбетте – уақытпен! Турасында, уақыт өзгереді, және олар балалардың жаңа ұрпағын шақырады. Уақыт балаларды шақырады. Акселерат-балаларды шақырған уақыт болған. Қазір уақыт нұр балаларын шақырады.
Бұл қандай балалар?
Шамамен сол сияқты, индиго балалар, ғажап балалар. Олар, 90-жылдың басынан келеді, мысалға, 70-жылдың соңындағы балалардан өзгеше. Олар дарындылығымен ерекшеленеді, бұрынғы болғаннан 2-3 есеге. Екіншіден. Осы балалардың ішінде ғажап қабілет иелері бар, бұрын тіптен болмаған және ғажап деп бағаланған. Олар, мысалы, секунд ішінде алты орынды санды көбейте алады және тағысын тағы.
Мен сізге қазір сұрақ қоямын – 1 ден 100-ге дейінге сандардың қосындысы неге тең? Сіз тап қазір бірден жауап бере аласыз ба?
Жоқ.
Сургутте мен осы сұрақты қойдым, бір ұл бала бірден дұрыс жауабын айтты.: «Егор, сен мұны қалай есептедің?» деп сұрадым – «білмеймін» – «Ал сенің басыңда осы сәтте не болды?» – иықтарын көтерді. Мұны қалай түсіндіруге болады?
Немесе 5-жасар қыз бала керемет картина бейнеледі. Оны ешкім үйретккен жоқ, оның үстіне папасы да мамасы да сурет салмайды. Бұл қалай? Ол маған айтады: «міне мында, көріп тұрсыз ба, терезе бар? – және саусағымен ауада сурет салады, – Мен содан бәрін саламын. – Ал сенің қолың неліктен осылайша қозғалады? – Мен білмеймін. Ал Сіздікі, олай емес пе?»
Мұны қалай түсіндіруге болады? Дарындылық, мысалы, түсіндіруге болады. Ал мынаны түсіндіре алмайсың.
Балалар жаңа міндетпен келіп жатыр. Мүмкін, ғасырдың ортасы болғанда, олардың түсіндірілмейтін дарыны бізге керек болар. Қазір бұл бізге әзірше түсініксіз.
Бұл не механизм әр түрлі балаларды «тарту» ма, Сіздің көзқарасыңызша, ол қалай жұмыс істейді?
Мұндай нәрселерді түсіндіре алмайсың, сондықтан да ғалымдар дауласады.
Бұл біздің сенімімізбен байланысты. Мен Жоғары Парасаттың барына сенемін. Біз оны қалай атаймыз? Құдай деп пе? Жаратушы ма?
Шалва Александрович Амонашвили «Здравствуйте, дети!» атты мұғалімдерге арналған кітабында мектептегі өз жұмыстарының нәтижелерін жүйеледі.
Ш.А. Амонашвилидің пікірінше, бастауыш мектептегі тәрбиелеу мен оқытудағы табыс көбінесе, мұғалім тұлғасына байланысты болады. Нағыз мұғалім оның кәсіби жарамдылығын қамтамасыз ететін нақты тұлғалық қасиеттерді иеленуі тиіс. Олар:
•Жақсы, жаман деп бөлместен, балаларға деген сүйіспеншілік. Нағыз мұғалім әртүрлі балаларды: ұғымтал, тәртіпті озаттарды да, ұшқалақ желөкпелерді де, жайбасар мақауларды да сүюге қабілетті. Балаларға шынайы сүйіспеншілік үлкендердің әрбір оқушының жетістігіне қуана алуынан көрінеді.
•Балалардың қажеттілігі мен сезімдерін түсіну, мұғалімнің жағдаятқа баланың позициясынан қарай алу білігі. Профессионал кез келген балалық істер мен мазасыздықтарға әрдайым байсалды қарайды. Тек баланың жан-дүниесінде не болып жатқанын түсінгенде оның белсенді ынтымақтастығына сенім артуға, сондай-ақ оның тұлғасын табысты тәрбиелеуге болады.
•Жақсы мұғалім міндетті түрде тәрбие үдерісіне оптимистікпен қарайды. Педагог әрбір баланың кілтін табуға болатынын ойлаумен өмір сүреді, бар болғаны оның жеке ерекшеліктеріне назар аудару қажет.
•Жақсы мұғалім адамға тән жақсы қасиеттерді иеленуі тиіс. Интеллигенттілік, қарапайымдылық, күлімсіреу және ұстамдылық, елгезектік, қайырымдылық, өмірсүйгіштік оқушылар осындай мұғалімдерге тартылады, оған бедел әкеледі және балалардың сүйіктісіне айналады».199
Бұл кітаптың әрбір жолы сүйіспеншілікке толы және балаларға деген көңіл оқыту мен тәрбиелеуде оптимистік, ізгілік бастаулар негізінде шығармашылық және ғылыми ынтымақтастық үдерісінде «мектептің қызықты әрі қуанышты өмірі»200 тәжірибесін көрсетеді.
Ш.А. Амонашвилидің педагогикалық философиясын барынша шоғырлап көрсететін ант сөзі асқақ мұғалімдік даналықтың квинтэссенциясы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет