Жалпы ғылымилық деңгей – зерттеушіден өмірдегі құбылыстарға өзіндік нақты құрылымы бар және өзінің қызмет атқару заңы бар жүйе ретінде қарауды ұсынады.
Нақты – ғылымилық деңгей – нақты белгілі бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы болып табылады.
Технологиялық деңгей – зерттеудің әдістемесі мен техникасын белгілеп, деректі тәжірибелік материалдарды жинақтап, оларды алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді.
Бұл барлық әдіснамалық деңгейлер белгілі бір күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықта болады, сонымен қатар барлық әдіснамалық білімдердің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі. Себебі таным процесі философиямен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |