Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет26/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған әдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі сана объективтігін мойындайды. Бірақ астарында сыр бар: сана неоптимистер үшін діни догмаларды дәлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет. Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан – жақты, берік енуін мойындаудан неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский (1225–1274) идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр болып отыр. Ол Аристотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды деді. Былайша айтқанда, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі (формасы) құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде ешнәрсе жоқ.

Фома құрған философия екі жұп ұғымдарға: акт (нақтылық) шындықпен мүмкіндік және эссенция (мен) және экзистенцияға (өмір сүру) негізделген.

Эмпирикалық деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мәнін ашуда қауқарсыз, себебі ол мән Алланың қолында. Сондықтанда анайы шындық, неотомистердің пікірінше, жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында ғана пенде санасына қонады. Адам екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан және рухани дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мәңгі өмір берген Алла тартуы. Сондықтан барша оқу және тәрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет