Диалектикалық материализм – табиғат, қоғам және ойлау процестерінің жалпы қозғалыс және даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIX ғ.40–жылдарында туындады . Ол XX ғ., әсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты.
Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс және Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тәжірибенің рөлін негіздеді,материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нәтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты және тәуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды және өзгеріске келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |