Педагогика әдіснамасы – педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемесі жөніндегі білімдер жүйесі және зерттеу жұмыстары сапасының бағасы, логикасы мен әдістері, бағдарламаларды негіздеу мен білімдерді алу бойынша қызметтер жүйесі.
Көптеген анықтаулар педагогика әдіснамасын былайша көрсетеді:
1) педагогикалық таным, яғни педагогикалық процесс жөнінде оқу;
2) педагогикалық білім қорытынды;
3) педагогикалық шындықты өзгерту үшін осы білімді пайдалану тәсілі.
Әдіснамалық білім құрылымдық жағынан 4 деңгейге бөлінеді: (Э.Г.Юдин)
– философиялық
– жалпы ғылымилық
– нақты ғылымилық
– технологиялық
Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі – танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның ұғымдар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барлық жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |