Негізгі ұғымдар: мотив, мотивация, қызығу, қызығушылық.
23.1. Оқудың мотивтері туралы түсінік
Мотив (түрткі, қозғау) – оқушыны қандай да бір әрекетке оқып үйренуге еліктіруші күш, ықпал. Түрткі дегеніміз – адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талптандыратын бір іске жетелейтін күш. Түрткі адамның тән талаптарын қанағаттандыруын не ішкі жан дүниесінің кемшілігін, яки жетпей тұрған, орны бос тұстарын толықтыруға итермелейтін ішкі қозғаушы күш болып табылады. Адамды қандай да бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш мотив немесе түрткі, оның бір нәрсеге мұқтаждығын, оған бір нәрсенің қажет екендігін көрсетеді.Бұл қажетсінулер екіге бөлінеді: материалдық және рухани.
Оқудың мотиві – оқушының белсенді оқу іс– әрекетіне, оқыту мазмұнын тиімді тануға іштей ұмтылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |