23.3. Қызығушылық және оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдары, тәсілдері, құралдары
Оқу мотивтерінің арасында аса тұрақты да пәрменділерінің бірі – қызығу.
Қызығу – танымдық қажетіліктен туындайтын құштарлық көрінісі.
Қызығу – бұл оқушының нысан немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында, белгілі әрекет түрін игеруде көрінетін танымдық қажеттену формасы. Танымдық қызығу оқушының меңгеріп жатқан пәніне болған көңіл–күй қатынасынан байқалады. А.С. Выготский пікірінше; «Қызығу бала әрекетінің табиғи қозғаушы күші, ол тумадан берілген құштарлық, бала әрекетінің оның тума қасиеттерімен сәйкестігін аңғартады. Сондықтан оқу процесіндегі басты талап; тәрбие жүйесі дәл анықталған бала қызығуларының негізінде құрылуы тиіс».
Қызығушылық жалпы адамда объектіні жан – жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Оқуға қызықтырудың жолдары сан алуан. Ең алдымен сол қызығулардың төркіні мақтау, жазалау, қорқыныш, жағыну т.с.с. Таным процесіне жат ықпалдардан туындамай, тікелей пәнді ұнатудан көрінуі шартты. Ондағы әрекеттер бала өміріне тікелей қатысты болып, оқу әрекеті балалардың қызығу сезімдеріне қозғау салып, ынтасын көтеретін материалдардан басталуы қажет. Оқу барысындағы қызығу ықпалдарының жалпы заңдылықтары анықталған:
1. Бала қызығулары оның өзі игерген білім деңгейі мен сапасына, ақыл– ес әрекеті тәсілдерінің қалыптасуына тәуелді.
2. Оқушы қызығулары оның мұғалімге болған қатынастарына тәуелді. Бала өзі силаған мұғалімдердің сабағын қызыға оқиды. Алдымен педагог, содан соң білімі әрдайым әрі тұрақты көрінетін тәуелділік. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тәсілдері мен құралдары төмендегідей:
– ынталы оқыту;
– оқу материалының жаңалығы;
– тарихилық
– игерілген білімдердің оқушылардың жоспарлары мен бағыттарына қарай
қолдану жолдарын үйрену;
– оқудың жаңа және дәстүрлі емес формаларын пайдалану;
– оқу формалары мен әдістерін ауыстырып отыру;
– проблемді оқыту;
– шығармашылық (эвристикалық) оқыту;
– компьютер қолданумен оқыту
– мультимедия жүйелерін пайдалану;
– интерактив компьютерлік құралдарды қолдану;
– өзара оқыту (жұптасып, шағын топтарда);
– білім,ептіліктерді тестілеу;
– оқушылар жетістіктерін көрсетіп бару;
– табысқа жеткізетін жағдайларды жасау;
– жарыстар (сыныптастарымен, өзімен – өзі)
– сыныпта ұнамды адамаралық қатынастар түзу;
– оқушыға сенім арту;
– педагогтың кәсіби әдебі мен шеберлігі;
– мұғалімнің өз пәніне, оқушыларына болған қатынасы;
– мектептік қарым – қатынастарды ізгілендіру, демократияландыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |