Гуманистік педагогика – баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтанда тәрбиеленушінің өз ынта – ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай тәрбиелік мақсатта екіге бөлуге болады:
біріншісі – қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат; екінші – жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, ол тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Гуманизм – тұлға болмысын, оқу әрі оның беделін мойындап, ең жоғары құндылық ретінде бағалау. Жақсы өнегеге сүйену принципіне тағы бір маңызды принцип жалғасады — ол гуманизация.
Бұл принциптердің талаптары:
A) Тәрбиеленуші тұлғасына адамилық тұрғыдан қарау;
Б) Оның құқықтары мен тәуелсіздігін сыйлау;
B) Тәрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою;
Г) Қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымын (позиция)
құрметтеу;
Д) Адамның өзімен – өзі болу құқығын қолдау;
Е) Тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу;
3) Қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы;
И) Тұлғаның қадір– қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаудан бас тарту;
К) Тұлғаның нанымдарына қандайда бір себептермен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу, құқығын мойындау (гуманитарлық, діни сенімдер және т.б.).
Сонымен білім беру мен тәрбиенің объектісі – тұлға болса, педагог оларды дамыту үшін тәрбие субъектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс– әрекетін ұйымдастырып басшылық жасауы қажет. Білім беру мен тәрбиенің барлық түрі педагогикалық процесс теориясы бойынша жүзеге асырылады.
Гуманистік педагогика әдіснамасы жеке тұлғаны педагогикалық процестің объектісі ғана емес субъектісі ретінде де қарастырады.
Білім беру мен тәрбиенің мақсаты – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларды өмір сүруге бейімдеу, еңбек етуге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |