3.1. Педагогиканың гуманистік әдіснамалық негіздері
Қоғам дамуының заңдылықтарына орай педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері гуманистік сипат алып дамуда. Қоғам дамуының қозғаушы күші – жеке тұлға. Бүгінгі күні бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену ұмтылысында демократиялық принциптерді басшылыққа алып, жеке тұлғаның өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Адам – қоғам – табиғат жүйесінің біртұтастығын ескере отырып, болашақтың негізін қалаушы жеке тұлғаның дамуын, тәрбиесін, қалыптасуын гуманистік принциптерге негіздейді.
Гуманизм (лат.адамшылық) – адамның тұлғалық құндылығын, оның құқы мен бостандығын, сенімін құрметтеу, қабілеттерін дамыту, адамның жан –жақты дамуын, өз қабілеттерін іске асыруын, қадір– қасиетін құрметтейтін көзқарастар жиынтығы, қоғамдық қатынастар деңгейін анықтайтын өлшем ретінде қарастырылады.
Гуманистік педагогика бірнеше ғасырлар бойы этикалық нормалардың бірі – балаға деген сүйіспеншілік қасиет деп келді. Соның өзінде, балаға деген эмоционалды құнды қарым қатынас әр түрлі болды. Жан Жак Руссо, Л.Толстой , Р.Штайнерлер үшін баланы сүю шығармашылық түрде жас ерекшеліктерінің қажеттіліктеріне сәйкес максималды еркіндік беру болып саналды. И.Г.Песталоцци ұстанымы мынадай: «Балалар үшін ғана өмір сүру емес, сонымен қатар олармен бірге «ыстығын да, суығын да бөлісе алу». Я.А.Коменскийдің пікірінше, «... барлық балалар мекемелері «шебер гумандылық орнына»айналуы керек» – деп, сонау орта ғасырлық дәуірінде сөз еткен. Кейінірек бұл мәселе жөнінде И.И.Бецкой, Н.И.Пирогов, П.П.Блонский , М.Монтессори де жазған . Гумандылыққа, яғни балаларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік қарым – қатынастар бүгінгі күні де көкейкесті.
Балалар мекемесіндегі тәрбиеленушілерге гуманды әсер ету, оның денсаулығын күшейту, жыныстық, жас және дербес еркшеліктерін ескере отырып, олардың толық дене және рухани дамуы үшін жағдайлар жасауды білдіреді.
Педагогтың гумандығы жалпы қоғами және халықаралық құжаттарда көрсетілгендей, баланың құқығы мен еркіндігін сақтау және т.б. мемлекеттік Заңдар мен Ата заңымызда бала құқығы туралы былай делінген: «Әрбір бала толық білім алуға, спортпен, өнермен шұғылдануға, өзіндік пікірін айтуға және т.б. құқылы.».
Профессор, режиссер М.О.Кнебель былай деп дәлелдейді: «Педагогика адамнан ана мейіріміне жақын қасиеттерінің болуын талап етеді».Өзінің «Педагогика поэзиясы» деген кітабында: «ана» өзінің бойындағы барлық жақсылықты қалай баласына берсе, педагогта барлық жан – тәнімен оқушыға берілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |