Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Қазақстан мектебіндегі білім берудің жаһандануы



бет84/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

9. 2. Қазақстан мектебіндегі білім берудің жаһандануы

Қазіргі мектеп бұл гуманистік, дамытатын тәрбиеге қабілетті ашық жүйе десек, қоғамның дамуына байланысты білім беру бағыттағы, үйлесімді жеке тұлғаны жүйесіне жаңа құндылықтар енуде, сонымен қоса білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі, сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді мұғалімнен талап ететін уақыт.

Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру қоғамдық мәселеге айналуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесі міндеттерінің бірі – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» – деп көрсетіледі. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» – делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады.

Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламада кемінде тілді меңгерген, көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу стратегиясы айқындалған. Бұл өз кезегінде педагогтар алдына көп тілді меңгеру міндетін алға қояды.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін, әрбір мектептерде лингофон қондырғысы орнатылған кабинеттер жұмыстар істеуде. Және де «Оңлайын тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деген Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында мектептерде көптеген мұғалімдер «Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу» семинарына қатысып, біліктіліктерін арттыруда. Мектептерде информатика кабинеттері, мультимедия кабинеттері , интернет қосылып заман талабына сай жабдықталуда.

Сонымен қатар дарынды оқушыларды барлық пәндерден ғылыми жоба мен олимпиадаға сондай – ақ, оларды веб – портал арқылы даярлау мәселелері қарастырылуда.

Барша педагог қауымның алдында тұрған кезекті мақсат – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы педагогтардың кәсіби құзырлықтарының ғылыми әдістемелік негіздерін қалыптастыру.

Осы орайда, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кезеңдерінің талаптарына сай педагогтардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі қатаң ескертілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет