оқыту – бұл тәжірибе, білім , біліктілік пен дағдылар беру процесі;
тәрбиелеу – бұл тұлғаны әлеуметтендіру процесі;
ағарту – бұл мәдениетке кеңінен тарту процесі;
12 жылдық білім беру үш сатыдан тұрады:
Бірінші саты – жалпы бастауыш білім беру (1–4 сыныптар– бастауыш мектеп).
Екінші саты – негізгі орта білім беру (5–10 сыныптар–негізгі мектеп).
Үшінші саты – жалпы орта білім беру (11 – 12 сыныптар –жоғары мектеп).
12 жылдық білім беру бейінді оқытуды көздейді.
Сонымен, қазіргі жалпы білім берудің мәні адамның тұтастай алғанда қаз тұрып, қалыптасуында – оның шын мағынасында тәжірибе алуында, психикалық процестерінің дамуында, соның негізінде дүние танымының, сенімі мен идеалдарының, және ең ақырында шығармашыл тұлғаға қажетті барлық қасиеттердің қалыптасуы деп түсінген жөн. Білім беруді осылай түсіну оның мақсатын айқындап, ізгілікті бағытын белгілейді. Білім берудің мазмұны, оқытудың модельдері мен технологиялары қазіргі білімнің мәніне сәйкес келуі және мүмкіндігінше, оның негізгі мақсатын іске асыруға ықпал етуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |