Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Педагогикалық жағынан қараусыз қалған деген сөз



бет72/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Педагогикалық жағынан қараусыз қалған деген сөз ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі,қоғамдағы мінез – құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.

Девиантты мінез – құлық (латын тілінен аударғанда deviatio – ауытқу) мінез– құлықтағы ауытқушылықты білдіре отырып, қоғамда жалпы қабылданған құқықтық және адамгершілік қалыптарға қарама – қайшы жекеленген қылықтар немесе қоғамға жат қылықтар жүйесі болып табылады.

Психологиялық – педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау балалардың девиантты мінез – құлықтың мынадай түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

– бірінші – жалпы қабылданған этикалық қалыптарды бұзбайтын ауытқу. Бұл қалыпты психикалық даму жағдайында жасына сәйкес емес мінез – құлықтың көрінісі болуы мүмкін;

– екінші – құқық бұзушылыққа жатпайтын жалпы қабылданған қалыптарды бұзу. Бұл, мысалы, қатыгездік, өзімшілдік, сенімсіздік, қайырымсыздық, егер олардың алдын алмаса, құқық бұзушылыққа әкеліп соқтырады;

– үшінші –құқық бұзушылық, яғни құқықтық қалыптарға, әкімшілік немесе қылмыстық заңдарға жат қылықтар;

– төртінші – көп дәрежеде патологиялық факторлармен, аурулармен байланысты ауытқушылық.

Сонымен бірге девиантты мінез – құлық әлеуметтік дамудың қолайсыз жағдайларымен де байланысты болады, сондықтан әлеуметтік қалыптардан тыс қоғамға жат қылықтар ретінде сипатталады:

– әлеуметтік енжарлық түріндегі ауытқу, бұл белсенді қоғамдық өмірден бас тарту, өзінің азаматтық міндеттері мен борыштарын атқармау, өзінің жеке, сонымен бірге әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталанбау ( оқығысы келмеу, қаңғыбастық, үйден безу, ішімдікке құмар болу, т.с.с.) түрінде көрінеді;

– пайдакүнемдік бағыттылықтағы ауытқу, пайда табу, материальдық қолдау мақсатында құқық бұзушылыққа әкелетін қоғамға жат қылық ретінде көрінеді (ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алааяқтық жасау, т.б. );

– агрессиялық бағдардағы ауытқу, тұлғаға қарсы бағытталған қылықтар түрінде көрінеді (зәбірлеу, қорлау, бұзақылық, ұрып соғу, денеге жарақат түсіру).

Қандай да бір әрекет сияқты, мінез – құлықтағы ауытқушылықтың тұлғаның психолгиялық – биологиялық және жас ерекшеліктерімен, әлеуметтік тәжірибесімен, жалпы дамуымен байланысты ішкі механизмдері, өзіндік мақсат мотиві болады. Соған сәйкес девиантты балалардың мінез– құлқы әр қырынан көрінеді:

– жекеленген психикалық процестердің ерекшеліктері ретінде (жүйке прцесінің жоғары қозғыштығы немесе олардың тежелуі; олардың күштілігі немесе әлсіздігі; баланың жоғары белсенділігі немесе енжарлығы; жинақылық немесе алаңғасарлық; мылжың немесе тұйық болу және т.б. ) ;

– тұлғаның әлеуметтікке негізделген сапалары мен мінез сипаттары ретінде (ұқыпсыздық, жалқаулық, тәртіпсіздік, өтірікшілік, дөрекілік, кесапаттық, залымдық, ызақорлық, т.б.);

– жалпы мәдениеттің төмендігі, адамгершілік қалыптар мен ережелерге, қоршаған адамдарға жағымсыз қатынас ретінде (арамдық, іштарлық, жігерсіздік, талапсыздық, тапсырмаларды орындамау, сабақтан қалу, үйден безіп кету, қаңғыбастық, құрдастарымен және ересектермен қақтығысу ,т.б. );

– зиянды әдеттер ретінде (шылым шегу, ішімдікті, токсикалық және есірткі заттарын қолдану, құмар ойындарына еліктеу).

Мектеп әлеуметтік институт ретінде педагогикалық назардан тыс қалған немесе тәртібі нашарлаған қиын балалардың девиантты мінез – құлқы бар балаларға айналып кетпеуі үшін барлық шараларды іске асыруы тиіс. Ең алдымен мектептегі психологиялық ахуал оқушы тұлғасын дамыту факторы ретінде басты роль атқарады, ол мынадай шарттармен айқындалады :

– оқыту мен тәрбиелеу стилі мектептегі тұлғааралық қатынастардың сипатына, оқыту процесінің тиімділігіне ерекше ықпал етеді;

– мұғалімнің тұлғасы оқушының тұлғасын қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады;

– мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынасы ынтымақтастық және ізгілендіру қағидаларына құрылуы тиіс;

– басқару мен тіл табысу стилі дамыту сипатында болғанда оң нәтижеге жеткізеді.

Сонымен сөзімізді түйіндей келе, бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңдағы мектептің негізгі міндетінің өзі баланың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет