Мемлекеттік қарыз
- өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтық
сомасы.
Меншік
- өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге
байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.
Микроэкономика
- экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы,
үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар
мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.
Монополия
- ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік
жүргізуі.
Монополистік бәсеке
- нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті
өнімді сатуынан құралады.
«НОУ-ХАУ»
- патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін
қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.
Облигация
- құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын
куәландырады.
Олигополия
- нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім
біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын
болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |