Қазақстан республикасының білім жєне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/84
Дата24.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133195
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Байланысты:
аза стан республикасыны білім жєне ылым министрлігі

Презентация жасаңыз: 
- Бизнес-ойлау психологиясы. 
- Бизнес-идеяны қалай таңдау қажет? 
- Бизнес үшін электрондық қызмет негіздері. 
Құрылымдық логикалық схеманы аяқтаңыз: 
 
 





Жаңа 
кәсіпорын ашу 
тәртібі
Кәсіпкерліктің 
түрлері 





62 
Төмендегі кестеге өз ойларыңызды жазыңыз: 
Кәсіпкер 
Кәсіпкер емес 
 
Тест тапсырмалары: 
1.Шағын бизнестің артықшылықтары: 
А)жұмысшы күші мен капиталдың алмасуын жеңілдетеді; 
В)жаңа өнім немесе қызмет түрін тез игереді; 
С)өндіріс құрылымын жеңілдетеді
D)барлық жауап дұрыс.
2.Жеке – дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды? 
A) орта; 
B) шағын; 
C) ірі; 
D) шағын және орта; 
E) орта және ірі.
3.Шағын бизнестің артықшылығына төмендегілердің қайсысы жатпайды? 
А) барлығы; 
В) икемділік және тез бейімделушілік; 
С) ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу; 
D) жергілікті ресурстарды пайдалану; 
Е) тәуекел деңгейінің жоғары болуы.
4.Шағын биснестің кемшіліктеріне төмендегілердің қайсысын жатқызамыз? 
А) тәуекел деңгейінің жоғары болуы; 
В) өткізу нарықтарының тарлығы; 
С) қосымша қаражат тарту мүмкіндігінің төмендігі; 
D) қызметкерлер біліктілігінің жоғары болмауы; 
Е) барлығы.
5.Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңы қай жылы 
қабылданды? 
A) 2006 жылы 31 қаңтар; 
B) 2006 жылы 7 ақпан; 
C) 2005 жылы 11 желтоқсан; 
D) 2004 жылы 3 қаңтар; 
E) 2006 жылы 2 наурыз.
6.Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді: 


63 
A) жеке және біріккен; 
В) өзіндік және бірлескен
C) ерлі – зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік; 
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар; 
E) барлық жауап дұрыс.
7.Бірлескен кәсіпкерлік қандай нысандарда жүзеге асырыла алады? 
А) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруы қожалығының ортақ бірлескен 
меншігі және өзіндік кәсіпкерлік; 
В) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік
С) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік; 
D) жеке және өзіндік кәсіпкерлік; 
Е) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай 
серіктестік.
8.Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістері: 
А) аумақтық салық органында тіркеу және келіп тіркелу; 
В) өтініш жазу және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеу; 
С) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылмайды; 
D) келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу
Е) дұрыс жауап жоқ.
9.Кәсіпкерлік қызметтің негізгі шарттары қандай? 
А) экономикалық, әлеуметтік, құқықтық; 
В) әлеуметтік, экономикалық; 
С) экономикалық, құқықтық; 
D) инновациялық, құқықтық; 
Е) экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, инновациялық.
10.Өндірістік, 
коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, 
делдалдық бұлар кәсіпкерліктің қайсысына жатады? 
А) кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайлары; 
В) кәсіпкерліктің түрлері; 
С) кәсіпкерліктің қызметтері
D) кәсіпкерліктің формалары; 
Е) кәсіпкерліктің белгілері.
11.Патент қандай мерзімге беріледі? 
А) бір жылдан көп мерзімге; 
В) бір күнге; 
С) кемінде бес жылға; 
D) тоқсан күнге; 
Е) кемінде бір айға.


64 
12.Кәсіпкер патент алу үшін қандай табыс сомасын көрсетеді: 
А) нақты жылдық табысын; 
В) ұйғарылған тоқсандық табысын; 
С) шамаланған жылдық табысын; 
D) табыс сомасын көрсетпейді
Е) дұрыс жауабы жоқ.
13.Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін құжаттар 
мен меншікті қаржылық қаражаттарын тиімді пайдалану келесі қаржылық 
институттың негізгі мақсаты болып табылады: 
А) микрокредиттік ұйымдардың; 
В) лизингтік компаниялардың; 
С) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның; 
D) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның; 
Е) дұрыс жауап жоқ.
14.Кәсіпкер түсінігін алғаш рет енгізген ағылшын экономисі – ол: 
А) Р. Кантильон; 
В) Ж.Б. Сэй; 
С) А.Смит; 
D) А.Маршал; 
Е) Дж.Б.Кларк.
15.Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне төмендегілерден қайсысы жатады? 
А) Қазақстан Республикасының және басқа да елдің азаматтары; 
В) заңды түрдегі шетел азаматтары; 
С) өкілеттігі шектеулі тұлғалар; 
D) азаматтық бірлестіктер
Е) барлығы.
16.Кәсіпкерліктің объектісі? 
А) шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері;
B) жеке тұлғалар; 
C) заңды тұлғалар; 
D) мемлекет; 
E) серіктестіктер.
17.Кәсіпкерлік теорияның қалыптасуына өз үлесін қосқан әйгілі экономист? 
А) Р.Кантильон; 
В) А.Смит; 
С) А.Тюрго; 
D) Ж.Б.Сэй; 
Е) Д.Шумпетер.


65 
18.Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты не? 
А) табыс табуға бағытталған комерциялық жетістік; 
В) банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес 
институттар арасында қаражат тарту және несиі беру бойынша бәсекелестікті 
күшейту; 
С) клиенттің қаржылық жағдайын талдау; 
D) өзгерістерді болжау; 
Е) қызмет көрсетудің сапасын қадағалау.
19.»Startup» –
А) фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады; 
В) техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау; 
С) жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық 
негізделген аналитикалық құжат; 
D) болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік беретін кәсіпорын; 
Е)ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға бағытталған 
уақытша құрылым.
20.Кәсіпкерлік қабілеттілік адамдардың ерекше таланттығын анықтап, оны 
түсіну үшін кәсіпкердің қандай қызметін түсіну керек? 
А) кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру 
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, себебі орындаған жұмысы 
мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді; 
В) кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады 
және кәсіпорынның іс-бағытын айқындайды; 
С) кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, 
жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге 
аянбай жұмыс істейтін адам; 
D) кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам; 
Е) барлығын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет