ГЛОССАРИЙ Ауылшаруашылық кооперациясы – ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілердің өздерінің экономикалық және басқа да қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында құрған ауылшаруашылық кооперативтері мен
олардың қауымдастықтарының (одақтардың) жүйесі болып табылады.
Банк – ақша қаражатын шоғырлаушы және соның негізінде өз клиенттеріне
несие беруші, ақша есеп берулері мен басқа да операцияларды жүргізуші
несиелік-қаржылық ұйым.
Биржа – құнды қағаздар (биржалық қор), тауарлар (тауарлар биржасы),
шетел валютасы (валюта биржасы) сатылатын нарық түрі.
Валюта – мемлекеттің айналымдағы ақша бірлігі.