Мемлекеттің сыртқы қарызы
– шетел азаматтарына, кәсіпорындарға
басқа да мемлекеттерге деген мемлекеттік қарыз.
Сыртқы сауда-саттық
– мемлекеттің басқа да мемлекеттермен сауда-
саттығы, тауарлардың енгізілуі мен сыртқа шығарылуын қарастырады.
Мемлекеттік меншік
–меншік
иесі ретінде мемлекеттің тұруын
қарастыратын (органдары тұлғасында) меншік формасы.
Девальвация
– валюта курсының ресми төмендеуі.
Табыс
– уақыт бірлігінде келіп түскен ақша немесе түсім. Табыстың төрт
негізгі формасы белгілі: рента͵ еңбек ақы, пайда және пайыз.
Еңбек ақы
- жалданушы жұмысшымен алынатын ақшалай немесе
натуралды түрдегі пайда.
Инвестициялау'>Импорт
– шетелде өндірілген тауардың (сырттан) елге енгізілуі.
Инвестициялау
- өндіріс үрдісі және тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру
үшін, оларды тұтынушыға жеткізуге қажетті өндіріс құралдарын жинақтау.
Қаражатты құнды қағаздарға құю.
Инвестиция
- өндіріс шығындары және өндіріс құралдарын жинақтау мен
материалдық қорды өсіру; экономикадағы капиталдың ұлғаюы.
Инновация
– ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ететін қаражаттың
экономикаға салыну үрдісі.
Инфляция
– бағаның өсуі кезінде пайда болатын сұраныс пен ұсыныстың
дисбалансы; экономикадағы бағаның жалпы деңгейінің өсуі және ақша айналым
жолдарының толуы. Сұраныс және ұсыныс инфляцияларын, біркелкі,
шоқырақтаушы, және гиперинфляцияларды айырымыз.
Лизинг
– негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға беру. Лизинг
компаниялары құралдарды жалға беру үшін оларды көптеп сатып алады.
Лицензия
- белгілі экономикалық қызмет жүргізуге үкіметтің мемлекеттік
және жергілікті органдарымен берілетін рұқсаты.
Салық
– заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан,
кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Достарыңызбен бөлісу: |