Кеден баж салығы - мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден
мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан
алатын ақшалай алым.
Тариф – бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілетін
өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.
Тендер – тауарларды жеткізу немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды
орындау жөнінде тапсырыс берудің ерекше нысаны, бұл нысан сауда-саттықты
ұйымдастырушылар үшін мәміленің неғұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа
да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізушілерден немесе
мердігерлерден ұсыныстар алуды көздейді.