Трансұлттық корпорация
- штаб пәтері бір елде орналасқан және
көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан
халықаралық корпорация.
Ұлттық табыс
- елдің әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылаушы
көрсеткіш; қоғамдық жиынтық өнім құнының құрал-жабдық – еңбек заттары
өтелгеннен кейін қалған бөлігі, яғни ұлттық табыс жалпы өнім жиынтығы мен
өндірістік шығындар арасындағы айырмашылық; таза ұлттық өнімнен алынатын
жанама салықтардың арасындағы айырмашылықпен есептеледі.
Ұлттық шоттар жүйесі
- өндірісті макроэкономикалық есептеу, (ҰШЖҚ
қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол
бухгалтерлік есеп-шоттар нысанында жасалған.
Ұсыныс
- нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі
бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.
Франчайзинг
- ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның
өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын
пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.
Достарыңызбен бөлісу: |