Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат
ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі
құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер
шығындарының ақшалай сомасы.
Өндіріс шығындары - материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының
жиынтығы.
Пайда - табыстың шығыннан ақшалай есептегі артуы.
Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру,
мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп
айналысады.
Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде
өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.
Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда
қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру
жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.
Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық
көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің
қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы
жоспары.
Субвенция - мемлекеттің мақсатты жәрдемінің бір түрі.
Субсидия - мемлекеттің бір жолғы қайтарымсыз ақшалай көмегі.
Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін
төленетін ақының ақшалай сомасы.
Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да
болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.
94
Таза пайда - кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен
қалған қалдық пайда