Байланысты: аза стан республикасыны білім жєне ылым министрлігі
Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.
Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).
Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін
нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен
бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық
жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).
Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат
байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б.
белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға
беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған
кәсіпорынның өзі.
Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген
мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде
біріккен азаматтардың ұйымы.
Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды)
келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың
(менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.