Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция
шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру
формасы.
Бәсеке - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді
жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.
Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту
жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін
әзірленеді.
Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты
валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта
бағамының төмендеуі.