Қаржы - ақшалайқаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында
экономикалық қарым-қатынас жүйесі.
Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа
фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни
фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие
пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).
Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып
алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып
алуға жұмсалған ақшалай шығын.
Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық
ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық
өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық
саясаттың басты мақсаттары.